Перейти к содержимому
Главная страница » Коалиция мүшелері Талғар аудандық орталық ауруханасының қызметкерлерімен кездесу өткізді

Коалиция мүшелері Талғар аудандық орталық ауруханасының қызметкерлерімен кездесу өткізді

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының өкілдері Талғар ауданындағы орталық аурухана ұжымымен кездесіп, референдумның маңызын түсіндірді.

Коалиция мүшелері референдум – тікелей демократияның жоғары көрінісі екенін және бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданған шешімдердің жоғары заңды күшке ие болатынын атап өтті.

«Референдум – азаматтардың мемлекеттің негізгі мәселелері бойынша шешім қабылдауға тікелей қатысу мүмкіндігі. Бұл – билік пен қоғам арасындағы сенімді нығайтатын тетік. 15 наурыз – елдің құқықтық болашағын айқындайтын тарихи кезең», – деді коалиция мүшесі Нұрдаулетов Сұлтан.

Кездесу соңында медицина қызметкерлері алдағы дауыс беруге белсенді қатысуға шақырылды.