Елімізде әскер қатарына шақыру науқаны бірінші Шекара қызметінің сапын толықтырудан басталады. Міне, жылдағы дәстүрге сай, биыл да ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің оқу базасына алғашқы топ та келіп жетті. Оларды Қорғаныс министрлігінің алып мегаполистегі Қорғаныс істері жөніндегі қалалық департаментінің жинақтау пунктінен барлық сән-салтанатпен шығарып салды. Рәсімге аталған департаменттің басшылығы, шекарашы ардагерлердің «Застава тарландары» РҚБ Алматы қалалық филиалының мүшелері, «Сарбаздар аналары» комитетінің өкілдері және сапқа тұрған жастардың ата-ана, туғандары қатысты.
Әнұранмен басталған рәсімнің соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Ал қоштасу сәті… Өзінің Отан алдындағы борышын өтеуге аттанып бара жатқан ұлын ыстық құшақтарына қысқанша асыққан ата-ана, ал қыз бен жігіт үшін бұл – қимастықтың ең ауыр сәті – үнсіздікке симай қалған сезімдерде еді…




