Алматы облысында 27–31 наурыз аралығында ұлттық ат спорты түрлерінен облыс чемпионаты өтті. Чемпионат Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылының ипподромында ұйымдастырылды. Оған өңірдің барлық аудандарынан, сондай-ақ Қонаев және Алатау қалаларынан 18 жастан асқан спортшылар қатысты.
Жарыс көкпар, аударыспақ, жамбы ату және теңге ілу бойынша өтті.
Дүбірлі доданың қорытындысы бойынша көкпардан Қонаев қаласының құрамасы айқын басымдық танытып, финалда Қарасай ауданының командасын 7:2 есебімен жеңіп, чемпион атанды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, медаль, диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жалпы жүлде қоры 3,4 млн теңгені құрады.





