Қонаев қаласында қоғамдық көлік жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Алматы облыстық мәслихатының 2026 жылғы 25 ақпандағы шешіміне сәйкес, әлеуметтік маңызы бар №2 және №4 қалалық бағыттардың сызбаларына өзгерістер енгізілді.
23 наурыздан бастап №4 бағыттағы автобустар жаңа сызба бойынша – «Строитель» саяжайынан «Қарлығаш» шағынауданына дейін қатынайтын болады. Бұл тұрғындар үшін көлік қатынасының қолжетімділігін арттыра түседі.
Сонымен қатар, №8 бағыттың қозғалысы тоқтатылады. Оның орнына жаңартылған №2 бағыт іске қосылып, «Қапшағай Ресурс» ЖШС-нің мұнай базасынан 12-шағынауданға дейін жолаушылар тасымалдайды.
Ал №8А (әскери қалашық) бағыты бұрынғыдай қалыпты режимде жұмысын жалғастырады.





