⛅
16°C
Қонаев
Сенбі, Наурыз 21, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қонаевта әз-Наурыз кең көлемде аталып өтті 

    21.03.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мереке
    Қонаевта әз-Наурыз кең көлемде аталып өтті 
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Түркі және парсы халықтарының көне мерекелерінің бірінен саналатын Наурыз мейрамын тойлау елімізде жыл сайын кеңінен қанат жайып, өзінің лайықты орнын табуда. Мемлекет басшысының бастамасымен 2024 жылдан бастап ел көлемінде Ұлыстың ұлы күнін мерекелеудің жаңа тұжырымдамасы бекітіліп, әр күні белгілі бір тақырыпқа арналған «Наурызнама» онкүндігі жарияланды. Осылайша аталған онкүндіктің әрбір күннің маңызы айшықталып, халқымыздың ұлттық дәстүрлерлері жаңғырып, рухани дүниесі жаңарды. «Наурызнаманың» бірлік пен татулықтың нышаны саналған «Ынтымақ» күніне орай облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен Қонаев қаласының орталық алаңында салтанатты шара өтті.

    Алаңға келген облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жұртшылықпен бірге роботтар көрмесі мен «Жеті қазына» интерактивті жобасын тамашалады. Сонымен бірге департаменттер мен басқармалар тіккен ақшаңқан отаулардың жанында “Табалдырық аттау”, “Тұсаукесер”, “Қыз айттыру”, “Қалжа”, “Отқа май құю”, “Сүйінші сұрау”, “Бастаңғы”, “Бесікке салу”, “Сүйек жаңғырту”, “Беташар”, “Ат қою”, “Ақсүйек”, “Тоқымқағар”, “Төс қағыстыру”, “Құйрық – бауыр асату” секілді халқымыздың салт-дәстүрі дәстүрі кеңінен насихатталған көз сүйсінтер көркем көріністерге куә болды.

    «Төрлет, әз-Наурыз» мерекелік шарасы басталғанын хабарлаған қос жүргізушінің дауысы естілісімен алаңға жиналған алқалы жұрттың бар назары сахнаға ауды. Бағзы замандардан халқымызбен бірге жасасып келе жатқан салт-дәстүріміз дәріптелген «Наурыз нұры» тебіреністі көрінісі мерекеге сай әсем безендірілген сахнаны одан бетер құлпырта түсті.

    Мінбеге көтерілген аймақ басшысы жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

    – Бүгінгі мереке – халқымыздың бай мәдениеті мен ізгі дәстүрлерінің терең мәнін, ұлылығы мен сабақтастығын айшықтайтын ұлық мейрам. Игі дәстүрді жаңа мазмұнмен байыту мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мерекесі жаңаша сипатқа ие болды. Мейрамды бір күнмен шектемей, мазмұнын кеңейтіп, «Наурызнама» тұжырымдамасы аясында 10 күндік мерекеге айналдыру – ұлттық құндылықтарды дәріптеудің жарқын көрінісі. Соның нәтижесінде бүгін біз осы Наурызнама аясындағы маңызды күндердің бірі – «Ынтымақ күнін» атап өтудеміз. Айтулы күнге орай еліміздің барлық өңірінде этноауылдар бой көтеріп, жәрмеңкелер ұйымдастырылып, халықтық мәдени және спорттық іс-шаралар кеңінен өткізілуде. Наурыз – тек рухани жаңғыру ғана емес, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын кезең. Жыл басы алға қойылған мақсаттарды айқындап, тың бастамаларға серпін береді, – деген аймақ басшысы өңірде атқарылып жатқан игі істер мен толымды тірліктерге кеңінен тоқталды.

    Әкімнің айтуынша, жаңару мен даму үрдісі өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында да айқын байқалып, бүгінде экономикамыздың негізгі салалары бойынша тұрақты өсім қалыптасқан. Жалпы өңірлік өнім көлемі үш жылда республика бойынша 10-орыннан 5-орынға көтерілген. Нәтижесінде шикізаттық емес экономикаға негізделген өсудің драйверіне айналған облыста былтыр негізгі капиталға 29,4% өсіммен 1 трлн 355 млрд. теңге инвестиция тартылған. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 10,1% өсіммен 2 трлн 598 млрд, ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 798,4 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 102,0%-ды құраған. Оның ішінде мал шаруашылығының өнімі 3,6%-ға, құрылыс жұмыстарының көлемі 18,4%-ға өскен. Тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны 11,3%-ке артқан.

    – Осының барлығы – өңірде жүргізіліп жатқан жүйелі саясат пен нақты жоспарлардың нәтижесінде қол жеткізілген маңызды жетістіктер. Экономиканың әртараптандырылып, өндіріс пен инвестиция көлемінің артуы тұрақты дамудың берік негізін қалыптастырып отыр. Ең бастысы, бұл көрсеткіштер халықтың әл-ауқатын арттырып, өңірдің бәсекеге қабілеттілігін жаңа деңгейге көтеруге жол ашуда. Осындай оң өзгерістер мен қарқынды дамудың берік құқықтық негізін қалыптастыруда елімізде қабылданған жаңа Конституцияның маңызы ерекше. Республикалық референдум нәтижесінде қабылданған бұл құжат азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беріп, мемлекетіміздің тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайта түседі. Осы орайда референдумға белсенді қатысып, өз таңдауын білдірген әрқайсыңызға алғысымды білдіремін. Осындай маңызды кезеңде халқымыздың «Ынтымағы жарасқан елдің ырысы тасиды» деген даналық сөзі ерекше мәнге ие. Ендеше, біздің басты міндетіміз – бірлігімізді бекемдеп, Отанымыздың өркендеуіне бірге үлес қосу, – деді облыс басшысы.

    Сахна төрінде Марат Елеусізұлы жылдағы үрдіс бойынша Наурыз мейрамын мерекелеу құрметіне орай еңбегімен танылып, ел дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттады. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Еңбекшіқазақ ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ержан Әмірдинов, Іле ауданы мәслихатының төрағасы Мұхит Кәрібаев, Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы Мұрат Мәдіғұлов, Жамбыл аудандық орталық ауруханасының дәрігері Доғдыргүл Молдақалықова, Қарасай ауданындағы “Тауекел-Н-Алғабас” серіктестігінің директоры Рүстем Өтембаев “Құрмет” орденімен наградталса, тағы бірқатар азамат “Ерен еңбегі үшін” медалі мен «Аймаққа еңбегі үшін» төсбелгісін кеудесіне тақты.

    Ұлық күнді мерекелеу одан әрі Роза Рымбаева, Нұрболат Абдуллин бастаған белгілі эстрада әншілері мен облыс өнерпаздарының концертіне ұласты. Олар дүйім жұртты өнердің кәусәр бұлағынан сусындатып, мерекенің сәнін кіргізіп, ажарын айшықтай түсті.

    Департаменттер мен басқармалар тіккен киіз үйлерде арнайы шақырылған меймандар, еңбек ұжымдарының қызметкерлері, қала тұрғындары мен қонақтары наурыз көже мен мерекелік дастарқаннан дәм татты.

    Наурыз мейрамы мерекелеу аясында Қонаев қаласындағы Бердібек Соқпақбаев атындағы орталық саябақта облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен ұлттық және бұқаралық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Мақсаты – ұлттық спорт түрлерін насихаттау және дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау, дәстүрлі ойындар мен жарыстарға халықтың қызығушылығын арттыру.

    Асық ату, бес асық, дәстүрлі садақ ату, қазақ күресі, ләңгі ойыны, тоғызқұмалақ, шахмат, армрестлинг, гир спорты түрлерінен өткен жарысқа облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары қатысты. Ойындар өтіп жатқан жерде көрермендер қарасы мол көрінді. Ентелеген жанкүйерлердің қиқуы дем берген сынға түсушілер намысты қолдан бермеуге тырысты.

    Бұл жарыс Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралардың жарқын бөлігіне айналып, халық бірлігі мен берекесін арттыра түсті.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Қонаев қаласы

    Соңғы жаңалықтар

    Қонаевта әз-Наурыз кең көлемде аталып өтті 
    21.03.2026
    Дәстүр мен инновация үйлесімі: Алматы облысында Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланды
    21.03.2026
    Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
    21.03.2026
    Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты
    20.03.2026
    Балдай тәтті балмұздақ
    20.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>