⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Наурыз 7, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Құс фабрикасы жаңа Ата Заңды қолдауға шақырады

    06.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум
    Құс фабрикасы жаңа Ата Заңды қолдауға шақырады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қазақстандағы ең ірі құс фабрикасының бірі – «Прима құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жаңа Ата Заңымыздың жобасын қолдайды. Бұл туралы бізбен болған сұхбатта «Прима құс» ЖШС-ның жалпы сұрақтар бойынша директоры Шухрат Нурахунов айтып берді.

    Ұйғыр ауданының аумағында 54 гектар аймақта орналасқан алып құс фабрикасында бүгінде 750-ге жуық адам жұмыс істейді. Олардың барлығы да ел болашағы үшін бей-жай қарамайды. Сондықтан да ел тарихындағы маңызды саяси оқиғаға белсенділікпен атсалыспақ.

    «Біздің компания сапа мен қауіпсіздікке ерекше мән береді. Өндірістің барлық кезеңінде халықаралық азық-түлік қауіпсіздігі жүйелері енгізілген. Біз өнім шығарып, Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға үлес қосып келеміз. Кәсіпорын ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып, ел экономикасының дамуына өз үлесін қосуда. Бүгінде біздің ұжымда 750-ге жуық адам еңбек етеді.

    Біз еліміздің тұрақты дамуын қолдаймыз. Мемлекетіміздің болашағы заң үстемдігі мен тұрақтылықта. Сондықтан алдағы референдум әр азамат үшін маңызды шешім. Оны осы кәсіпорында еңбек ететін әр жұмыскер ішкі жан-дүниесімен түсініп отыр. Сол себепті әр азамат ел болашағы үшін жауапкершілікпен таңдау жасау қажет деп есептейміз», – дейді Шухрат Турдахунұлы.

    2021 жылдан бастап Ұйғыр ауданында өз жұмысын бастаған құс фабрикасы бүгінде Chickodelli брендімен жылына 26250 тоннаға дейін құс етін нарыққа жөнелтеді. Шұжық, жартылай дайын өнім түрлері де көп. Бұл құс фабрикасының өнімдері тек Қазақстанның аумағында ғана емес, алыс-жақын шетелге де экспортталады. Нақтырақ айтсақ, көршілес Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанелдері – бірнеше жылдан бері бұл өнімнің тұрақты тұтынушысы. Сондай-ақ Әзірбайжан, Біріккен Араб Әмірліктері сынды мемлекеттер де бұл өнімнің сапалылығына көз жеткізіп, сұранысты арттыруда. 2025 жылы кәсіпорында өндірілген жалпы өнімнің 38 пайызы экспортталған. Алдағы уақытта экспортқа шығарылатын өнім көлемі тағы да бірнеше пайызға ұлғайтылмақ.

    Кәсіпорын басшылығы алдағы жылдарға құс фабрикасының үшінші, төртінші кезеңінің құрлысын қолға алмақ. Сол арқылы инвестиция көлемі де артпақ. Үстіміздегі жылдың мамыр айында үшінші кезеңі іске қосылса, 35 мың тоннаға дейін құс еті өндірілмек. Нәтижесінде жұмыскерлер санын да арттырып, 1200 дейін көбейту жоспарланған. Бүгінде бұл кәсіпорындағы жұмысшылар санының басым бөлігі – Ұйғыр ауданының азаматтары. Мұндағы ең төменгі жалақы 180 мың теңге. Мұндағы барлық өнімдер «Халал» сертификатына ие. Бұл компания жылдан-жылға өзінің нарықтағы үлесін арттырып, қуат күшін ұлғайтуда. Еліміздің әр өңірінде Chickodelliдің өз дүкендері ашылуда.

    Chickodelli бүгінде тек Қазақстан нарығына емес, шетел нарығына да дендеп еніп, сапалы өнімге деген сұранысты арттырған. Жаңа өнімдер түрі де шығарылуда. Кәсіпорынның төртінші кезеңі іске қосылған жағдайда өндіріс орнының қуаты 70 мың тоннаға дейін құс етін өндіре алатын деңгейге жетпек. Осындай алыпи кәсіпорын ел дамуының даңғыл жолын таңдап отыр.

    Анар Дүйсенбайқызы

    Ұйғыр ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «ХЕНКЕЛЬ САС КАЗАХСТАН» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
    06.03.2026
    Құс фабрикасы жаңа Ата Заңды қолдауға шақырады
    06.03.2026
    Ізгі жандарға ізет
    06.03.2026
    КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ №15 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
    06.03.2026
    КОАЛИЦИЯ» МҮШЕЛЕРІ «ЮНАЙТЕД ХАЙДЖИ» ЖШС ҒИМАРАТЫНДА ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
    06.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>