⛅
9°C
Қонаев
Жұма, Наурыз 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Құстарға қамқорлық

    20.03.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Құстарға қамқорлық
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қонаев қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 1 сәуір – Халықаралық құстар күні қарсаңында облыстық жастар ресурстық орталығы, білім басқармасы мен орман шаруашылығы мекемелерінің ұйымдастыруымен «Табиғат қанатында – Taza Life» атты экологиялық акция өтті.

    Шараның мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, құстарға қамқорлық көрсетуге, табиғатты аялауға баулу. Акция барысында қатысушылар өздері дайындаған құс ұяларын орнатты.
    – Көктеммен бірге туған өлкеге қайта оралған құстарға жанашырлық таныту – қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. Елімізде мұндай көлемдегі акция өткен жылы бірінші рет Алматы облысында ұйымдастырылды. Былтыр 1000-ға жуық құс ұясы дайындалып, арнайы орындарға қойылды. Биыл көрсеткіш одан да көп. Бұл бастама өскелең ұрпақты табиғатты қорғауға, мейірімділік пен ізгілікке тәрбиелейді. Акция облыстың барлық ауданы мен қаласында сәуір айының соңына дейін жалғасады, – деді облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Мақсат Кеңешов.
    «Қоршаған ортаны қорғау – әр адамның міндеті. Еркіндік символына айналған құстарға пайдамның тигеніне қуаныштымын», – деді шараға қатысқан Қонаев қалалық Шоқан Уәлиханов атындағы №2 гимназия оқушысы Әлімжан Тұрдалиев.

    Гүлзат БАЙҚОНЫС

    Соңғы жаңалықтар

    Балдай тәтті балмұздақ
    20.03.2026
    Тәні саудың – жаны сау
    20.03.2026
    Жаңаруға бастаған
    20.03.2026
    Ырысы алды – ынтымақ
    20.03.2026
    Қарттарға құрмет
    20.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>