⚠️ Ауа райы табылмады.
Дүйсенбі, Наурыз 23, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Мәтібұлақтағы мерейлі мереке

    23.03.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Мәтібұлақтағы мерейлі мереке
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Жамбыл ауданының Мәтібұлақ ауылдық округінде Ұлыстың ұлы күні жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл күні Мәтібұлақ ауылындағы Мәдениет үйінің алдындағы алаңда «Наурыз – ынтымақ пен бірлік берекесі» атты мереке өтті.

    Жиналған көпшілікті аталған округтің әкімі Мадияр Мұқашев мерекемен құттықтап, бұл іс-шараның басты мақсаты – қазақ халқының бай мәдени мұрасын, салт-дәстүрін дәріптеу, ауыл тұрғындарының бірлігін нығайту және ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау екенін атап өтті. Мерекелік шара барысында ауыл өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, оған тұрғындар белсенді қатысып, ерекше әсер алды. Қонақтарға қазақтың дәстүрлі тағамдары ұсынылып, мерекенің ажары одан әрі айшықтала түсті. Бұл игі шара ауыл тұрғындарының ауызбіршілігін арттырып, Наурыз мейрамының басты құндылықтары – татулық, мейірімділік пен жаңаруды кеңінен насихаттауға оң ықпалын тигізді. Мерекені ұйымдастыруға округ әкімшілігі мен Мәдениет үйінің қызметкерлері, сонымен бірге ауылдың беделді азаматтары, жастар, шаруа қожалықтарының иелері, кәсіпкерлер, жалпы тұрғындар атсалысты.

    «Наурыз – тек мереке ғана емес, ол халықты жақындастыратын, ізгілікке бастайтын ерекше күн екені тағы бір мәрте дәлелденді», дейді мәдени шараның басы-қасында жүрген Мәтібұлақ ауылдық Мәдениет үйінің директоры Темірхан Мүкеев.

    Мәтібұлақта «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Береке мен бірлік әр шаңыраққа орнасын!» деген тілектер молынан айтылды.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Мәтібұлақтағы мерейлі мереке
    23.03.2026
    Ақсеңгірдегі ұлттық ойындар
    23.03.2026
    Тазару күні Қарасай ауданында ағаш егілді
    23.03.2026
    Қазақстанда Тазару күні өтті
    23.03.2026
    Шолаққарғалыдағы тазалық шарасы
    23.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>