Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан тиесілі. Бұл құқықтар табиғи әрі ажырамас болып табылады және ешкім олардан айыра алмайды.
Аталған қағида әрбір адамның қадір-қасиетін, еркіндігін және теңдігін қорғауға бағытталған. Мемлекет адам құқықтары мен бостандықтарын таниды, сақтайды және олардың қорғалуын қамтамасыз етеді.
Адамның негізгі құқықтарына өмір сүру құқығы, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау, еркін пікір білдіру, еңбек ету, білім алу және заң алдында тең болу сияқты маңызды құқықтар жатады. Бұл құқықтар қоғамның тұрақты дамуы мен әділдіктің сақталуына негіз болады.
Қазақстанда адам құқықтарын қорғау – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Сондықтан әрбір азамат өз құқықтарын біліп қана қоймай, оларды құрметтеп, заң талаптарын сақтауы тиіс.
Дауытхан Тоғжан,
Алатау қаласының жастар ресурстық орталығының жетекшісі




