🌡️
13°C
Қонаев
Дүйсенбі, Наурыз 23, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    «Мөлдір бұлақ» акциясы жалғасып жатыр

    23.03.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Экология
    «Мөлдір бұлақ» акциясы жалғасып жатыр
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздің барлық өңірінде бұлақтарды тазалау мақсаттында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын іске қосып, оның аясында Алматы облысында бұлақтарды тазартуға бағытталған ауқымды іс-шара өтті. Облыста бұл бастама алты табиғи су көзінде ұйымдастырылды. Соның бірі – Еңбек ауылындағы бұлақ.

    Еңбекшіқазақ ауданы, Еңбек ауылында ағып жатқан бұл бұлақ шамамен 70-80 жыл бұрын пайда болған. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындары оны ауызсу ретінде пайдаланады. Акция барысында бұлақтың айналасы қоршалып, абаттандыру жұмыстары толық жүргізілді. Ағаштардың түбі әктеліп, жаңа ағаш көшеттері отырғызылды.

    Бұл игі іске «Қазсушар» РМК бас директорының міндетін атқарушы Ануар Өскенбаев, «Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалының қызметкерлері, Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының мамандары, «Аймақтық гидрогеологиялық-мелиорациялық орталық» РММ өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, еріктілер, оқушылар мен жастар, сондай-ақ су шаруашылығы мамандықтары бойынша білім алып жатқан 100 шақты студент қатысты.

    «Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының маңызын көпшілікке кеңінен түсіндіріп, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, жастарды табиғатты аялауға шақыруды, әрі экожүйені қорғаудың және болашақ ұрпаққа таза су мен тұмса табиғатты аманат етуді  мақсат еткен бұл жұмыстар ел аумағында жүйелі түрде жүзеге асып, қоғамның табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға нақты ықпал етеді деп сенемін», – деген Ануар Әуезұлы  акцияға қатысушыларға алғысын білдірді.

    Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы бастапқы кезеңде ауа райы жайлы елдің оңтүстік өңірлерінде өткізіліп жатыр. Бүгінге дейін Шымкент қаласы, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстары қамтылып, 28 бұлақтың маңы тазартылып, абаттандырылған. Акцияға бір мезгілде шамамен 3,8 мың адам қатысты.

    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда Тазару күні өтті
    23.03.2026
    Шолаққарғалыдағы тазалық шарасы
    23.03.2026
    «Мөлдір бұлақ» акциясы жалғасып жатыр
    23.03.2026
    Табиғатқа тағзым
    23.03.2026
    Жаңа жол, жаңа жыл: «Көшпенділер қалашығында» 3500-ден астам адам Наурызды тойлады
    23.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>