⛅
23°C
Қонаев
Жұма, Мамыр 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Мүмкіндігі шектеулі жандар референдумнан шет қалмады

    15.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Референдум
    Мүмкіндігі шектеулі жандар референдумнан шет қалмады
    0
    SHARES
    25
    VIEWS

    Бүгінгі референдумда мүмкіндігі шектеулі заматтар да назардан тыс қалмады. Ұйғыр ауданының орталығы Шонжы ауылындағы №929 дауыс беру учаскесінде 1386 дауыс берушінің 17-сі мүмкіндігі шектеулі, үйден дауыс беретін жандар. Референдум комиссиясының мүшелері әрбір азаматтың үйіне барып, таңдау жасауларына мүмкіндік туғызды.

    Шонжыдағы №929 референдум комиссиясының мүшелері түс ауа үйден дауыс беретін азаматтарға жолға шықты. Әр азаматқа бүгінгі күннің маңыздылығын түсіндіріп, референдум бюллетеніндегі ақпараттармен толық таныстырып шықты. Комиссия төрағасының орынбасары Мақсат Қырықбаев: «Біз үйден дауыс беруге өтініш қалдырған қартттар мен мүмкіндігі шектеулі әр азаматтың үйіне барамыз. Себебі әр жанның дауысы маңызды», – дейді.

    Досқанаев Мұхаметқали – 7 жылдан бері төсек тартып жатқан мүмкіндігі шектеулі азамат. Жүріп-түрып, еңбек етуге мүмкіндігі болмаса да бүгінгі ел тарихындағы маңызды күнде таңдау жасауға қабілетті. Бұл күннің ерекшелігін де, болашақ үшін толғақты мәселе екендігін де жақсы түсінеді. Сондықтан өз таңдауын жасап, дауыс берді. Өзіндей азаматтарды осындай саяси науқаннан шет қалдырмай, барлық мүмкіндікті жасап отырған мемлекет басшысына алғысын да айтып өтті.

    Анар Дүйсенбайқызы

    Ұйғыр ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Қарғалыдағы мереке
    01.05.2026
    Бірлік пен татулық – елдіктің тұғыры
    01.05.2026
    БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚТЫ ТУ ЕТІП
    01.05.2026
    Алматы облысында мейрам аясында «Тазалық күндері» атты сенбіліктер қарқынды жүргізілуде
    01.05.2026
    Жамбылдағы жарқын күн
    01.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>