⛅
16°C
Қонаев
Жексенбі, Наурыз 22, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Наурыз келді, жыл басы

    22.03.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мереке
    Наурыз келді, жыл басы
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Еңбекшіқазақ ауданының орталығы – Есік қаласында Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамы биыл ерекше сән-салтанатымен, мазмұнды бағдарламасымен және ұлттық рухты дәріптеген тағылымды шараларымен кең көлемде аталып өтті. Тұманбай Молдағалиев атындағы мәдениет үйінің алаңы думанды мерекенің орталығына айналып, аудан тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

    Көктемнің шуақты мерекесіне орай алаң ұлттық нақышта безендіріліп, ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, алтыбақан құрылды. Қазақы киім киген жастар мен өнерпаздар мерекелік атмосфераны жандандырып, келген жұртшылықты ежелгі дәстүрлердің тереңіне жетеледі. Ұлыстың ұлы күніне арналған салтанатты шара театрландырылған көрініспен бастау алып, сахнада Қыдыр ата мен Ұмай ананың бейнесі сомдалып, жақсылық пен берекенің символы ретінде халыққа ақ батасын берді.

    Мерекелік жиында Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Талғат Байеділов тұрғындарды Наурыз мейрамымен құттықтап, бұл күннің ел бірлігі мен татулығын нығайтудағы маңызына ерекше тоқталды. Ол өз сөзінде Наурыз – тек табиғаттың жаңаруы ғана емес, адамдардың да рухани жаңғырып, ізгі ниеттерге ұмтылатын кезең екенін атап өтті. Сонымен қатар, тазалық пен ұқыптылықты дәріптейтін «Таза Қазақстан» бастамасының мәніне тоқталып, бұл игі істің әр азаматтың өмір салтына айналуы қажеттігін жеткізді.

    Мерекелік бағдарлама аясында ұлттық салт-дәстүрлер кеңінен насихатталды. Көрісу, тұсаукесер, беташар, қыз айттыру, сүйінші сұрау сынды дәстүрлер сахналанып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Бұл көріністер жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды танытып, салт-дәстүрдің өміршеңдігін көрсетті.

    Алаңда «Бір ауыл – бір өнім» атты көрме ұйымдастырылып, жергілікті кәсіпкерлер мен қолөнер шеберлерінің бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, түрлі мемлекеттік мекемелер мен білім беру ұйымдары тіккен киіз үйлерде қонақтарға наурыз көже мен ұлттық тағамдар ұсынылды. Бұл – қазақ халқының кең пейілі мен қонақжайлылығының айқын көрінісі болды.

    Мерекелік шара барысында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар да ұйымдастырылды. Асық ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, садақ ату секілді сайыстарға қатысушылар белсенділік танытып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Жанкүйерлердің қолдауы мен қызу тартыс мерекенің ажарын аша түсті.

    Сахна төрінде Жанболат пен Жазира, Әзімбек Байлин, «Арғымақ» тобы, Руслан Мамытов, Ләла Бақытнұрқызы, Біржан Бәзілжан, Рауан Бауыржан, Сандуғаш Мубаракқызы, Маулен Нұржан, «Тамсан» этно-ансамблі және тағы басқа әншілер ән салса, “Улыбка”, «Долан», «Ирада», «Картал» би ансамбльдері биден шашу шашып, халыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ән мен биден шашу шашылған кеште дәстүрлі және эстрада бағытындағы шығармалар орындалып, мерекенің сәнін кіргізді. Сонымен қатар би ансамбльдерінің көркем қойылымдары мен этно-ансамбльдердің өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

    Биылғы Наурыз мейрамы дәстүр мен жаңашылдықты ұштастырған мазмұнымен ерекшеленді. Заманауи технология элементтері де мерекеге енгізіліп, бұл өз кезегінде жастардың қызығушылығын арттырды. Осындай жаңашыл бастамалар ұлттық мерекенің жаңа деңгейде дамуына жол ашып отыр.

    Жалпы, Есік қаласында өткен Наурыз мейрамы – бірлік пен татулықтың, жаңару мен жасампаздықтың жарқын көрінісі болды. Халықтың көптеп жиналып, ортақ қуанышқа бөленуі – еліміздегі тұрақтылық пен ынтымақтың айғағы. Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа береке, ырыс, молшылық әкелсін деген ақжарма тілектер айтылып, мереке жоғары деңгейде қорытындыланды.

    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Қонаевта әз-Наурыз тойланды
    22.03.2026
    ІЛЕ АУДАНЫНДА НАУРЫЗ ЖАҢА ФОРМАТТА АТАЛЫП ӨТТІ
    22.03.2026
    Наурыз – қайырымдылық пен мейірімділік мейрамы
    22.03.2026
    Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!
    22.03.2026
    Наурыз келді, жыл басы
    22.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>