Перейти к содержимому
Главная страница » Өнегелі отбасы дауыс берді

Өнегелі отбасы дауыс берді

Жамбыл ауданының Ақсеңгір ауылындағы орта мектеп ғимаратында орналасқан №292 референдум учаскесіне 2024 жылы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы атанған Әдияттар әулеті келіп, дауыс берді.
Білімді ұрпақ тәрбиелеген көпбалалы ана Дулдай Сархад бала-шағасымен бірге өз таңдауларын жасады. Әулеттің анасы Дулдай Сархад 13 баланы дүниеге әкеліп, 10 ұлды үйлендіріп, 4 қызды ұзатып, 42 немеренің қызығын көріп отыр. Алтын құрсақты ананың балаларының көбі жоғары оқу орындарын бітірген, мемлекетке қызмет ете жүріп, үлкен жетістіктерге жетуде. Бұл әулеттің ерекшелігі – ұстаздық ету әкеден балаға ауысып келе жатқан мамандық. Сондықтан оларды аймақта «ұстаздар әулеті» деп атайды.
«Біздің әулеттің адамдары үнемі елімізде болатын саяси науқаннан тыс қалмайды. Өйткені ортақ Отанымыздың ертеңінің жарқын болуы бәріміз үшін ортақ мақсат. Сондықтан бүгін әулетімізбен ұйымдасқан түрде келіп, республикалық референдумқа бір кісідей қатысамыз деп шештік», – дейді ұстаз Болтай Әдият.
Серік САТЫБАЛДИЕВ
Жамбыл ауданы