☀️
5°C
Қонаев
Жексенбі, Наурыз 15, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Өнерпаздардың референдумға ән шашуы

    15.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Референдум
    Өнерпаздардың референдумға ән шашуы
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Бүгінгі референдумда аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері дауыс беру учаскелеріндегі тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлады.

    Аудандық мәдениет үйіне қарасты «Жазерке», «Арзу» ансамбльдері мен Қарадала халық театрының өнерпаздары аудан орталығы Шонжы ауылындағы референдум учаскелеріне барып, дәстүрлі әндерден шырқап, ерекше әсерге бөледі. Аудандық мәдениет үйінің директоры Салтанат Ешмұханбетова: «Алдымызда ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі келе жатыр. Онымен мұсылман қауымның қасиеті ораза айы да тұспа-тұс келіп отыр. Осы қос мерекемен қатар болып жатқан саяси науқанды еліміздің тарихындағы ерекше күн ретінде есте қалсын деген ниетпен мәдениет үйінің өнерпаздары бастамасымен дауыс беру учаскелеріне барып халық әндерін шырқап, жарапазан айтып келеміз. Бұл дәстүрімізді жаңғырту, салтымызды сақтаудың да бір белгісі. Өнер ұжымының ұл-қыздары өздері бекітілген ччаскелерде дауыстарын да беріп келеді кезегімен», – деп бүгінгі референдумның маңызын жүрегімен сезініп, өнердің тілімен дәріптеген өнер ұжымдарының белсенділігі жоғары екенін айтты.

    Ұлттық киімдерін киіп, қазақ пен ұйғырдың ұлттық аспаптарымен шырқалған әндерге риза көңілмен қарағандар да, тіпті бірге ән айтып, би билеген тұрғындар да кездесті. Қай дауыс беру учаскесіне бармасын, аудан өнерпаздарын тұрғындар ерекше қабылдап, көтеріңкі көңілмен қайтып жатты.

    Анар Дүйсенбайқызы

    Ұйғыр ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Референдум: Қонаевта қоғамдық көлік тегін қатынады
    15.03.2026
    Алматы облысында бір көшенің тұрғындары түгел таңдау жасады
    15.03.2026
    Инватакси қызметін пайдаланған жандар таңдау жасады
    15.03.2026
    Чемпион қыз қолдау білдірді
    15.03.2026
    АТАҚТЫ АДАМДАРЫМЕН ЖӘНЕ ИГІ ДӘСТҮРЛЕРІМЕН ТАНЫМАЛ ӨЛКЕ
    15.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>