⛅
6°C
Қонаев
Бейсенбі, Наурыз 5, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Өртті ерте анықтауға арналған жасанды интеллект жүйесі енгізілді

    04.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Қауіпсіздік
    Өртті  ерте анықтауға арналған жасанды интеллект жүйесі енгізілді
    0
    SHARES
    30
    VIEWS

    (ЖИ арқылы жасалған)

    Orman-Al 10–15 минуттың ішінде өрттің алдын алуға көмектеседі

    Алматы облысында орман өрттерін ерте анықтауға арналған Orman-AI жүйесі жұмысын жалғастыруда. Цифрлық оператор Beeline Қазақстан компаниясымен  бірлесіп жүзеге асқан жоба өңірдегі өрт аумағын қысқартуға бағытталған. Бұл жүйе оператордың антенна-діңгек құрылыстары базасында жұмыс істейді. Оның ерекшелігі базалық стансалармен бірге компьютерлік бақылау  алгоритмдері бар бағдарламалық құрылғыға  бейнебақылау камералары орнатылған. Бағдарламалық  құрылғы  тәулік бойы бейнеағынды талдап, түтін анықталған жағдайда операторға және төтенше қызметтерге автоматты түрде сигнал жібереді.

    Orman-AI жүйесін енгізу орман алқаптарын бақылауды 24/7 режиміне көшіруге және өртті анықтау уақытын бірнеше сағаттан 10–15 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Бұл өртті ерте кезеңде оқшаулап, оның ірі  өрт апатына  айналуының алдын алуға жағдай жасайды.  Бүгінде Алматы облысының өрт қаупі жоғары аумақтарында 18 бейнебақылау камерасы орнатылған. Жүйе Бақанас, Күрті, Қаскелең, Шелек және Қарадала орман шаруашылықтарын қамтиды. Жабдық күрделі климаттық жағдайларға бейімделген және жыл бойы жұмыс істейді.

    «Бұл жоба Алматы облысының экожүйесін қорғауда сапалы серпіліс болды. Туындаған қиындықтарға қарамастан, жоба сәтті жүзеге асырылды, соның ішінде алғаш рет қолданылған стандарттан тыс шешімдер пайдаланылды. Бүгінде біз тек түтінді тіркеп қана қоймай, тәуекелдерді басқарып, өңірдің табиғи байлығын сақтап отырмыз. Жүйенің сәтті іске қосылуы цифрландырудың табиғи апаттармен күрестегі ең тиімді құрал екенін дәлелдейді», – деп атап өтті Алматы облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қанат Нүсіпбаев.

    Мамандардың айтуынша, 2025 жылы жоба жаңа технологиялық кезеңге өткен. Алыс  және  жолы күдір  аумақтарды қамту үшін камералар Starlink спутниктіктеріне  қосылған. Қазірдің өзінде Алматы облысында екі камера осы технологияның көмегімен жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, Beeline Қазақстан командасы ұшқышсыз ұшу аппараттарын сынақтан өткізуді жоспарлап отыр. Дрондар камералардан келіп түскен сигналдарды тексеру және жүйе қамтымайтын аумақтарды автономды түрде патрульдеу үшін пайдаланылмақ. Сынақтан кейін бұл технологияны еліміздің басқа өңірлеріне кеңінен енгізу жоспарланып отыр.

     

    Фотода Рауан Кабдрахимов

    «Телеком-оператордың инфрақұрылымы жасанды интеллект технологияларымен ұштаса отырып, өңір мен тұтас елдің басым міндеттерін шешуге бизнестің қосатын үлесін арттырып отырғанына қуаныштымыз. Orman-AI секілді жобалар өрттердің экологиялық және экономикалық салдарларының тәуекелін азайтып, жекелеген шаралардан кешенді жүйеге көшуге мүмкіндік береді. Біз жобаны Алматы облысында және басқа өңірлерде де дамытуды жалғастыруға ниеттіміз», – дейді Рауан Қабдрахимов, Enterprise Co  атқарушы директоры (Beeline Қазақстан экожүйесі).

    2022 жылы іске қосылғаннан бері Orman-AI жүйесі Қазақстанның жеті өңірін қамтыды. Қазіргі таңда жүздеген камера Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Алматы, Қарағанды облыстарында және Астана қаласында жұмыс істеп тұр. Жүйе бүгінде 100-ден астам ықтимал өрт ошағын ерте кезеңде анықтап, алдын алуға көмектесті.

    Ерзат АСЫЛ

    Соңғы жаңалықтар

    Адамға бағдарланған Ата Заң
    05.03.2026
    Коалиция мүшелері №18 орта мектеп ұжымымен кездесті
    05.03.2026
    Коалиция өкілдері №5 орта мектеп ұстаздарымен кездесті
    05.03.2026
    Саяси науқаннан тыс қалмайық!
    05.03.2026
    “Amal Bio” жаңа Ата Заңды қолдайды
    05.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>