Бүгін денсаулығына немесе өзге де жағдайларға байланысты референдум учаскесіне бара алмайтын азаматтарға үйде дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған. Осындай мүмкіндік арқылы өз таңдауын жасағандардың бірі – Кеген ауданының тұрғыны – Қарашаш Бекмұханбетова. Ол арнайы келген жылжымалы бюллетень жәшігі арқылы азаматтық борышын орындады. Ол өз сөзінде:
– Бүгін үйге келген бюллетень жәшігі мен үшін ерекше әсер қалдырды. Үйде дауыс беретін адам ретінде мен өз дауысымның қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте сезіндім. Әрбір азаматтың пікірі мемлекет үшін құнды, ал менің таңдауым да елдің болашағына әсер етеді деп ойлаймын. Жаңа Конституция әр азаматтың құқығын қорғауға бағытталғанын көрсетеді. Сондықтан өз пікірімді ашық білдіріп, дауыс беру – менің борышым ғана емес, қуанышты парызым. Ел дамуы – әрқайсымыздың белсенділігімізге байланысты, – деп айтып өтті.
Кеген ауданы




