Іле ауданы Кенен Әзірбаев ауылындағы №357 референдум учаскесінде ерекше әрі көңілді көрініс тұрғындарды қызықтырды.
Учаскеге танымал мультфильм кейіпкерлерінің киімін киген азаматтар келіп, дауыс беріп, жиналған халықтың көңілін көтерді. Олардың арасында көпшілікке таныс Spiderman мен Superman бейнесіндегі кейіпкерлер болды. Ерекше костюммен келген олар алдымен учаскеде тіркеліп, өздерінің азаматтық таңдауын жасап, дауыс берді.
Олардың учаскеге келуі тұрғындар үшін күтпеген әрі қызықты сәтке айналды. Әсіресе балалар мен жастар бұл көрініске қуанып, кейіпкерлермен суретке түсіп, қуанышқа бөленді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ерекше акциялар халықтың референдумға деген қызығушылығын оятып, белсенділігін арттырады.




