Кеген ауылында сайлауға келген халықтың нөпірі қалың. Өңір тұрғындары маңызды күннен қалыс қалмай, өз таңдауларын жасауға асығуда.
Кеген ауылының әкімі Ернат Ысқақ өз референдум учаскесіне барып, таңдауын жасады.
– Бүгін өте маңызды күн. Әр азамат өзінің Конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс бере алады. Өз болашағымыз және ел болашағында жақсы өзгерістер керек десек, референдумға белсене қатысуымыз қажет. Кеген, Түменбай, Темірлік елді мекендері кіретін округте 5581 дауыс беруші бар.
Әр референдум учаскесінде байқаушы референдумның әділ өтуін бақылап отыр. Референдумға дауыс берушілер үшін учаскелерде барлық жағдай жасалған, оның ішінде пандустармен, тактильді көрсеткіштермен жабдықталған. Референдум еліміздің болашақтағы даму бағдарын анықтайды, – деді Ернат Ысқақ.
– Бүгін дауыс беру арқылы әркім өз таңдауын жасайды. Бұл еліміздің болашақ дамуы үшін маңызды. Референдум – мемлекеттің дамуына өзгерістер әкелетін мүмкіндік. Еліміз өркендеуі үшін әр қазақстандықтың дауысы маңызды деп есептеймін. Болашағымыз жарқын болады деп сенемін, – дейді ол.
Айта кету керек, Кеген ауылында референдумға дауыс беру жалғасуда. Сонымен қатар, дауыс беру құқығы бар әрбір азамат сайтта өзінің сайлау учаскесін біле алады.
Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
Кеген ауданы




