⛅
2°C
Қонаев
Бейсенбі, Наурыз 5, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Референдумға дайындық барысы пысықталды

    04.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Референдумға дайындық барысы пысықталды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

       Қонаев қаласындағы кітапханада 2026 жылғы 15 наурызға ни тағайындалған республикалық референдумға дайындық және оны өткізу мәселелері бойынша кеңес өтті.
    Кеңеске Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясы төрағасы Нұрлан Әбдіров, облыс әкімі аппаратының басшысы Мұрат Мәдіғұлов, облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Мейрамгүл Айтова, өңірдегі құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, қалалық және аудандық аумақтық референдум комиссияларының төрағалары, коммуналдық қызмет көрсету мекемелерінің басшылары қатысты.
    Кеңесті ашқан Нұрлан Мәжитұлы алдағы референдум еліміздің саяси өміріндегі маңызды оқиға екенін атап өтті. Оның айтуынша, әрбір азаматтың еркін білдіруіне толық жағдай жасап, науқанды заң талаптарына сәйкес, жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізу – басты міндет. Өз кезегінде Мұхтар Ерман Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 11 ақпандағы №1170 Жарлығына сәйкес 15 наурызда республикалық референдум өткізілетінін еске салып, ҚР ОРК отырысында саяси науқанды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары бекітілгенін жеткізді. Сондай-ақ ол референдум комиссияларының өкілеттіктері мен мемлекеттік органдардың заңнамаға сәйкес міндеттеріне тоқталды.
    Аталған кеңестің күн тәртібіне сәйкес, республикалық референдумға дайындық шаралары аясында жергілікті атқарушы органдар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыс әкімі аппаратының басшысы Мұрат Мәдіғұлов пен өңірдегі референдум комиссиялары мүшелерін оқыту және комиссиялардың алдағы науқанға дайындығы туралы облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Мейрамгүл Айтованың есебі тыңдалды. Сондай-ақ электораттық кезеңде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, дауыс беруге арналған бюллетеньдерді тасымалдау және қорғауды ұйымдастыру туралы Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Мейрам Әбікеев және мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқығын қамтамасыз ету бағытында атқарылып отырған жұмыстар туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асыл Ваисов баяндама жасады.
    Кеңес барысында референдумды өткізу кезінде заңдылықты, жариялылық пен ашықтықты қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіптің сақталуын бақылау, азаматтарды жан-жақты ақпараттандыру және референдум учаскелерінің талапқа сай жабдықталуы, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы жағдайлар жасау және дауыс беру күні коммуналдық қызмет көрсету мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру мәселелері назарға алынды.
    Жиын соңында ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров алдағы саяси науқанды жоғары деңгейде ұйымдастыру жауапты құрылымдардың үйлесімді, әрі жүйелі жұмысына байланысты екенін еске салды.
    Жиыннан соң Нұрлан Мәжитұлы Қонаев қаласындағы бірқатар учаскелік референдум комиссияларының жұмысымен танысты. Атап айтқанда, референдум учаскелерінің материалдық-техникалық тұрғыда жарақтандырылу деңгейіне, азаматтарды ақпараттандыру жұмысына, дауыс беру процесін ұйымдастыруға және комиссиялар құжаттамаларының рәсімделу тәртібіне мән берді.
    Іссапар аясында аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының төрағаларына арналған оқыту-семинары өтті. Дәріс барысында референдумның құқықтық базасы, дауыс беру күнін ұйымдастыру алгоритмдері, құжаттарды рәсімдеу тәртібі, сондай-ақ байқаушылармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл тетіктері туралы жан-жақты түсіндірілді. Тәжірибелік кейстер талқыланды, нақты жағдайлар бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Аналардың үлгілі ісі

    Аналардың үлгілі ісі

    2 years ago
    Облысқа салынған инвестиция көлемі артты

    Облысқа салынған инвестиция көлемі артты

    2 years ago
    Орталық саябаққа Бердібек Соқпақбаевтың есімі берілді

    Орталық саябаққа Бердібек Соқпақбаевтың есімі берілді

    1 year ago
    Қарияларға қуаныш сыйлады

    Қарияларға қуаныш сыйлады

    9 months ago
    Алматы облысында карьер шикізаті құрылыста қолданылады

    Алматы облысында карьер шикізаті құрылыста қолданылады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>