Алматы-Өскемен күре жолының бойындағы сәулеті келіскен ғимаратта қоныс тепкен «Тұлпар» ретро салонының басшысы, белгілі кәсіпкер, меценат, Қонаев қаласының Құрметті азаматы Мұратбек Сіргебаев қалалық Мәдениет үйінде орналасқан №949 референдум учаскесіне ретро көліктермен шерулетіп келіп, өз таңдауын жасады.
– Бүгін референдум өтуіне орай халықтың көңіл күйін көтеру мақсатында автошеру ұйымдастырдық. Біз бұған дейін де қалада өткен түрлі шараның ешқайсысынан қалыс қалмай, шама-шарқымызша атсалысып жүрміз. Осы жолы референдумға белсене қатысып жатырмыз. Бүгінгі шара барысында Әжелер ансамблі мен бір топ өнерпазды ретро көлікке мінгізіп, барлық учаскелерді аралап шығамыз. Олар референдум учаскелерінің алдында өз өнерлерін ортаға салады.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ
Қонаев қаласы




