⚠️ Ауа райы табылмады.
Жұма, Сәуір 10, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    «Сәлем беру шеруі» акциясы өтті

    15.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум
    «Сәлем беру шеруі» акциясы өтті
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Райымбек ауданының Нарынқол,Текес, Жамбыл, Қарасаз ауылдарында республикалық референдум құрметіне «Сәлем беру шеруі» атты тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор акция ұйымдастырылды. Шараға ақ кимешекті әжелер мен ақ жаулықты аналар қатысты.
    Акцияның мақсаты– саяси оқиғаның маңызын насихаттап, мәртебесін арттыру болса, екінші жағынан ұлттық салт-дәстүрді жас ұрпақтың бойына сіңіру, үлгі-өнегесін қалыптастыру. Акция барысында аналар көше бойымен референдум учаскесіне дейін шерулетіп, ұлттық рухымызды асқақтататын халықтық әндерді орындады. Туған жер мен елге, Отанға деген сүйіспеншілік, сыйластық, бауырмалдық, ізеттілік, мейірімділік, басқа да адами құндылықтарды жан-жақты насихаттауға барынша мүдделілік танытты. Референдум учакесіне шерулетіп келіп, лайықты таңдауларын жасады. Ақ кимешек, ақ жаулықты әжелер мен аналар ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан аналық асыл қасиеттің, жылы жүрегі мен аялы алақанының қадір-қасиетін, дүниетанымын бейнелеу арқылы көрсетті.
    Жаңа Конституцияның жобасына қатысты республикалық референдум құрметіне арналған «Сәлем беру шеруі» – бір күндік акция ғана емес, ұлттық тәрбиенің мектебін жаңғыртқан тағылымды шара болды. Осындай игі бастамалар арқылы ұлттық рух жаңғырып, жас ұрпақ жүрегінде адамгершілік қасиет берік ұялайтыны ақиқат.
    Жұмабек Тәліпұлы
    Райымбек ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Депутаттарға арналған дәріс
    10.04.2026
    Президент: «Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі»
    10.04.2026
    Солтүстік шақырады: қоныс аударушыларға қолдау көп
    10.04.2026
    Мұнай және жаһандық экономика
    10.04.2026
    Келелі мәселе көтерілді
    10.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>