⚠️ Ауа райы табылмады.
Жұма, Наурыз 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Сән мен салт үйлесімі

    20.03.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Сән мен салт үйлесімі
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында Қанышай Семейханқызының есімі ұлттық өнерді қастерлейтін жұртшылыққа кеңінен таныс. Оның қолынан шыққан сән-салтанаты келіскен сәукеле, өрнегі көз тартар шапан мен камзол, көйлек сияқты қазіргі заманға лайықталған этностильдегі киімдер тұтынушының көңілінен шығып келеді.

    «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, ол кішкентайынан ата-анасын үлгі тұтып өсті. Әкесі Семейхан ағаштан түрлі бұйым жонса, анасы Дина Зәкәрияқызы сол бұйымға ою сызатын. Анасының сырмақ сырып, кесте тігетініне қызыққан Қанышай 12 жасында қолына ине-жіп алады. Сол кездің өзінде ол тек мата қиып қана қоймай, киім пішуді де үйреніпті. Өз қиялындағы киім үлгілерін ерекше тәсілмен жасауға тырысты. Сан алуан пішіннің түрлі нұсқасын қағазға түсіруден жалықпай, шығармашылықпен ізденеді. Бұл істе басты бағытын дұрыс таңдай біліп, технология мен дәстүрді ұштастыруға талпынды.
    Қанышайдың әуестігі кейін нақты кәсіпке ұласты. Тігінші­ліктің әліппесін үйренген ол Алматыдағы «Мәншүк» ұлттық киімдер цехында біліктілігін шыңдай­ды. Сол кәсіпорында жұмыс істеген жылдары әр оюдың мән-мағынасын жүрегіне түйді. Онда көбіне әртістерге сахналық киім тігетін. Одан кейін тұрмыс құрып, біраз жыл үйден тапсырыс орындады. Отбасылық жағдаймен еліміздің Шығыс өңірінде біраз жыл тұрғанда да тігіншіліктен қол үзген жоқ. Қазір Жамбыл ауданының орталығындағы «Ақжол» сауда үйінен бір орынды жалға алып, кәсібін дөңгелетіп отыр.
    Қанышай Семейханқызы жиырма жылдан бері тек ұлттық киім тігумен айналысып келеді. Сонымен қатар ою ойып, бисермен өрнек құрады, кесте, бастауыш сынып оқушыларының мектеп формасын тігеді. Кейде байқауға қатысушылар арнайы тапсырыс беріп жатады.
    Әр ұлттың дәстүрлі құндылықтарын сөз еткенде, әсіресе ұлттық киімдегі өзіндік қолтаңба ерекшеленіп тұратыны белгілі. Бұл орайдағы көзқарасын тігінші былай білдірді: «Ұлттық киім – әрбір ұлттың мақтанышы. Қазақтың ұлттық киімдері – тарихтың көзі, салт-дәстүріміздің көрінісі», – дейді ол.
    Ұлттық құндылықты басты мұратым деп түсінетін Қанышайдың ісмерлігін білетіндер оның адал еңбегін бағалайды. Мұндай жандарды ұлттық кодты сақтау жолында еңбек етіп жүрген нағыз патриот деуге болады. Оның шеберханасы – дәстүр мен заманауи талғам тоғысқан  киелі орын іспетті. Қолынан шыққан ұлттық нақыштағы сан алуан әдемі киімдер шеберлігін әйгілеп тұр.
    Қанышайдың жеке өмірінде болған кейбір сәтсіздіктер сүйікті ісін дамытуға біршама кедергі келтіргенімен, бала күнгі асқақ арман мен ұлттық өнерге деген шексіз махаббат оны үнемі алға жетелеп келеді. Қазақылықтың қаймағын бұзбай, ұлттық дәстүрімізді ұлықтауды ол өзіне анасы тапсырған аманат санайды. Өйткені ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі.
    «Бұл жай ғана киім емес, бүтін бір ұлттың бет-бедерін айқындайтын ұлан-ғайыр тарихы. Қызға көрік, ер-азаматқа айбар беретін ұлттық киімімізді қазақ халқын әлемге танытатын этномәдени құндылық деп білемін. Балаларымды да ұлттық рухта тәрбиелеймін. 15 жастағы ұлым Бекболат кішкентайынан сурет салады, ал қызым Айша ұлттық киімге қызығады», – дейді Қанышай Семейханқызы.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты
    20.03.2026
    Балдай тәтті балмұздақ
    20.03.2026
    Тәні саудың – жаны сау
    20.03.2026
    Жаңаруға бастаған
    20.03.2026
    Ырысы алды – ынтымақ
    20.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>