⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Наурыз 18, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Саяси шара сапында

    18.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Референдум
    Саяси шара сапында
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Облыстық  әкімдіктің мәжіліс залында республикалық референдумды өз дәрәжесінде өткізіп, ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев пен орынбасарлары, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мейрамгүл Айтова, департамент, басқарма басшылары мен бейнебайланыс арқылы аудан, қала  әкімдері қатысты.

    Алғашқы болып сөз алған аймақ басшысы референдумда берілген әрбір дауыстың салмағы зор екенін жеткізіп, облыс тұрғындары осынау тарихи сәттің маңызын терең түсініп, жүрек қалауымен, азаматтық жауапкершілігін сезіне отырып, таңдау жасағанын айтты. «Күні кеше Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиында Мемлекет  басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Ата Заңға қол қойды. Енді Халық Конституциясы 1 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енеді. Иә, референдум – әр азаматқа өз ұстанымын білдіруге және елдің одан әрі даму бағытын айқындау ісіне қатысуға мүмкіндік беретін маңызды демократиялық құрал. Референдумға белсене қатысқан  облыс   жұртшылығына айырықша алғыс айтамын! Алдымызда  бізді  өте ауқымды істер күтіп тұр», –  деді Марат Сұлтанғазиев.

    Келесі кезекте  облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев  халқымыз  үшін маңызы зор саяси шараның  жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын баса айтты. «Мемлекет  басшысы  Қасым-Жомарт  Тоқаев атап өткендей, жаңа Конституция – халқымыздың ынтымақ-бірлігінің айқын әрі берік символы. Оның баптарында қазақстандықтардың арман-мақсаты, болашаққа деген үміт-сенімі көрініс тапқан. Конституция – мемлекетіміздің дамуына бағыт-бағдар беріп, әділетті қоғам құрудың іргетасын қалайтын ең маңызды құжат. Ол арқылы әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтары нақтыланып, теңдігі қамтамасыз етіледі», – деген Ғани Айдарұлы  жаңа Конституцияны түсіндіру жұмысы өз жалғасын тауып, тиісті шаралар қолға алынатынын сөз етті.

    Республикалық референдумда облыс тұрғындарының белсенділігі жоғары болды. Орталық сайлау комиссиясының берген мәліметі бойынша өңір халқының саяси науқанға қатысуы 71,46%-ды құрады. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мейрамгүл Айтова облыс халқының маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдауға жоғары талпынысын көрсеткенін баяндады. «Облыс бойынша құрылған 682 референдум учаскелерінің  677-де дауыс беру ұйымдастырылды. «5 уақытша ұстау  изоляторында  кұрылған референдум учаскелері бойынша тізімге енгілізген дауыс берушілердің жоқ болғанына орай, учаскелік комиссиялардың жұмысы дауыс беру күні уақытша тоқтатылды. Дауыс беру процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында референдум учаскелерінде 4 республикалық, 13 облыстық деңгейдегі  аккредиттелген қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдардың 2653 байқаушылары мен 12 бұқаралық ақпарат құралының  27 өкілі жұмыс істеді.   Референдум өткізу барысында заң бұзушылықтар тіркелген жоқ. Жекелеген өтініштер мен шағымдар заңнамаға сәйкес қаралды»,  – деді   Мейрамгүл Қазыбекқызы.

    Шара соңында  облыс әкімі  республикалық референдумды жоғары деңгейде өткізуге зор үлес қосқан департамент пен басқарма басшыларына, Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов пен Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаевқа  арнайы Алғыс  хат табыстады.

    Ерзат АСЫЛ

    Соңғы жаңалықтар

    Әрбір шешім маңызды
    18.03.2026
    Жаңа Конституция қабылданды
    18.03.2026
    Екі амбулатория ел игілігіне берілді
    18.03.2026
    Бір тал кессең, он тал ек
    18.03.2026
    Саяси шара сапында
    18.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>