☀️
10°C
Қонаев
Сәрсенбі, Наурыз 18, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫ

    18.03.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мереке
    ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫ
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Наурызнама аясында Қонаев қалалық кітапханасында «Шаңырақ шаттығы – ұлт бірлігі» атты облыстық отбасы бенефисі өтті. Мақсаты – Шаңырақ күнінде отбасының қоғамдағы маңызын дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын насихаттау және ұлттық тәрбиенің негізін айқындау.

    Іс-шараны ашқан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Төлеужан Ғұмаров Отанды қорғау салт-дәстүрімізді құрметтеуден басталатынын, сондықтан оны өскелең ұрпаққа  насихаттауды қолға алу керегін айтты.

    Мерекелік кеште Іле ауданы және Қонаев, Алатау қалаларының көпке сыйлы, ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрді ту еткен өнегелі отбасылары алдымен өздерін таныстырып, әулет өнегесін паш етті. Бұдан кейін викториналық сұрақтарға жауап беруден сынға түсіп, тапқырлық танытты.  60 жыл отасқан Әбішевтер отбасы ата-баба салтын аттамай, тәрбие мен бірліктің үлгісін көрсетсе, шаңырақ құрғанына 17 жыл болған Пірмұхаметовтер отбасының ең жас мүшесі Медиана ән шырқап, жиналған қауымның ыстық ықыласына бөленді. Сонымен бірге өзге отбасылар да өз өнерін ортаға салып, қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырды.

    Ұрпақтар сабақтастығы мен отбасылық құндылық салтанат құрған шараны қорытындылаған облыстық орталық әмбебап кітапханасының директоры Ғалия Тоқабаева шараға қатысқан барлық отбасыларға ризашылығын білдіріп, Алғыс хат табыс етті.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

     

    1 of 4
    - +

    1.

    2.

    3.

    4.

    Соңғы жаңалықтар

    ШАҢЫРАҚ – БЕРЕКЕ МЕН БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
    18.03.2026
    Кегендегі қоныс тойы
    18.03.2026
    Сабақ сапасын арттырады
    18.03.2026
    ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫ
    18.03.2026
    Қырағы шекарашылар
    18.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>