⚠️ Ауа райы табылмады.
Жексенбі, Наурыз 15, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Ауыл шаруашылығы

    Шопан ата

    14.03.2026
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Шопан ата
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қой бағу расында да оңай емес. Шілденің шіліңгір ыстығы мен қыстың қақаған аязында тыным таппайтын малшылардың еңбегі қашанда ерен. Осыған орай, Кеген ауданы Жылысай ауылына жеті шақырым жерде орналасқан «Тастыөзек» қыстауына арнайы барып, малшылар қауымының тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан едік.

    «Мал өсірсең, қой өсір, өнімі оның көл-көсір» дегенді жете ұғынған қожалық Шопан ата төлін асырап, атакәсіпті өрбіткен. Мұнда 300 аналық архар-меринос қойы, 30 бас ірі қара, 80 бас жылқы бағылуда. Осының бәрі – Нұрақын Атамбаев есімді озат шопанның нәтижелі жұмысы. Ол кісінің қойшы таяғын тастамағанына елу жылдан астам уақыт болыпты.
    Нұрақын Молдақошықұлы 1960 жылы Түрген техникалық училищесін тәмамдаған. 1964 жылға дейін «Жылысай» кеңшарында механизатор, 1972-1993 жылдар аралығында қойшы болған.
    1965 жылы 22 жасында Сарқыт Нарынбек­қызымен отау құрып, үш қыз, бір ұл тәрбиелеп өсірді. Нұрақын атамыз 1993 жылы «Тастыөзек» жеке шаруашылығын құрып, 2005 жылы зейнетке шықса да тынымсыз еңбек етуде.
    Шаруасын шалқытып, төскейге мал өргізген «Тастыөзек» шаруа қожалығының жетекшісі, Нұрақын атамыздың ұлы Медет те іске мығым, малға үйірсек жан екенін аңғартты. Бейнеті мен ауыртпалығы белшеден келетін бұл іске қойшының ұлы жиырма жыл бұрын кіріскен. Яғни, 1998 жылдан бүгінгі күнге дейін атакәсіпке ден қойып отыр. Қазір мал басын еселеп, кәсіптің нәсібін көруде.
    Қожалық иелігінде 460 гектар жайылымдық жері бар. Дегенмен, қолға алған істі әрі қарай дөңгелету үшін Медет Нұрақынұлы әлі де біраз тер төгемін дейді.
    – Қазіргі таңда бұл саланың қиындығы сол, мал бағатын адам жоқ. Жазда жайлауда, қыста қорада төрт түліктің бабын табу оңай емес. Қазір бәріне төселдік. Мал шаруашылығы өте қажырлы, тынымсыз еңбекті талап етеді. Күндіз-түні жұмыс істеу керек. Шопан таяғын 1972 жылдан бері ұстап келемін, – дейді Нұрақын ата.
    Шаруа иелері әлі де мал басын көбейтуді жоспарлап отыр. Өйткені алдағы уақытта мал төлдету науқаны басталып, шаруашылықты нағыз қарбалас шақ күтіп тұр.
    – Қой тез көбейеді, әрі өнімді де көп береді. Алайда қазақ «Мал бақсаң, әуелі өрісін тап» деген. Әсіресе мал төлдету науқанында қоздап жатқан әр қой жеке-жеке қарауды қажет етеді. Қазір аз ұйықтап, көп еңбектенетін мезгіл, – деген Нұрақын ақсақал атына мініп, қойын қайырмалауға кетті.
    Жаздың аптабы мен қыстың ызғарында мал бағып, еңбек етіп жүрген Нұрақын Молдақошықұлына әлі аттан түспеңіз деп тіледік! Адамды көркейтетін – істеген ісі һәм ерен еңбегі.
    «Тастыөзек» шаруа қожалығы биыл 100 қойдан кемінде 90 қозы алуды көздеп отыр. Мал санының артуы ет бағытындағы жұмыстарды жандандыруға өз септігін тигізетіні анық. Ендігі міндет – қорадан еретін қоңырдың басын көкке аман жеткізу.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Көрісу күні Алматы облысында жоғары деңгейде тойланды
    14.03.2026
    6654 әскери бөлімде Көрісу амалы атап өтілді
    14.03.2026
    Қарадаладағы игі іс
    14.03.2026
    Кешірім айы
    14.03.2026
    Екі ауылдағы қос қуаныш
    14.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>