⛅
2°C
Қонаев
Жексенбі, Наурыз 15, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ғасыр жасаған соғыс ардагері референдумға шөбересін ертіп келді

    15.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум
    Ғасыр жасаған соғыс ардагері референдумға шөбересін ертіп келді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Еңбекшіқазақ ауданының Алға ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының 102 жастағы ардагері Солтанбай Жарықбасов үшін құрметті жасы референдумға қатысуға кедергі бола алмады. Ардагердің айтуынша, ел үшін маңызды осындай жауапты күні ол ешқашан сырт қалуды ойламаған.

    Солтанбай Жарықбасов белсенді өмір салтын ұстанады, ең бастысы – өз принциптерінен айнымайды. 187-ші дауыс беру учаскесіне ақсақал 15 жастағы шөбересі Дамирмен бірге келіп, өз таңдауын жасауға нық ниет білдірді. Тіпті әзілдеп, қай жерге белгі қоятынын алдын ала білетінін де айтты. Айта кету керек, бұл учаскеде оның балалары мен немерелері де дауыс беруде.

    — Иә, мен еліміздің тарихындағы қызықты әрі күрделі кезеңдерді бастан өткердім, тәуелсіз Қазақстандағы барлық саяси дауыс берулерге қатыстым. Айтарым, өзгерістерден ешқашан қорықпау керек. Ең бастысы – заман ағымымен бірге қадам басу, сонда бәрі жақсы болады.
    Әрине, жастардың тағдыры мені бейжай қалдырмайды. Сондықтан бүгін мен болашақ ұрпақтың игілігі үшін таңдау жасадым. Жастар менің жасымдай ұзақ өмір сүріп, бейбіт әрі бақытты заманда ғұмыр кешсін.
    Осы маңызды оқиғамен барша қазақстандықтарды шын жүректен құттықтаймын. Елімізге амандық, халқымызға береке, мемлекетімізге одан әрі гүлдену тілеймін, — деді Солтанбай ата.

    Солтанбай Жарықбасов Байтерек ауылдық округіне қарасты Алға ауылында дүниеге келіп, сол жерде өскен. Ауыл тұрғындарының бірнеше буыны — оның шәкірттері. Ол — Қазақстанның еңбек сіңірген педагогы.

    Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінде-ақ Солтанбай Жарықбасов мектеп қабырғасынан майданға аттанып, Ташкент қаласында кіші командирлер курсын тәмамдайды. Кейін Забайкалье майданында 25-ші механикаландырылған бригада құрамында пулеметшілер бөлімшесінің командирі болып қызмет етеді. Соғыстан кейін туған ауылына оралып, ұстаздық жолды таңдайды. Алдымен Түрген ауылындағы педагогикалық училищені, кейін Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетін бітіреді.
    Тарих пәні ол үшін тек сүйікті сабақ қана емес, өмірлік миссиясына айналған. Солтанбай Жарықбасов Қазақстан тарихына қатысты материалдарды өмір бойы жинап келеді. Ұзақ жылдар бойы Байтерек ауылдық округінің ақсақалдар кеңесін басқарды. Оның педагогикалық білімі мен ұйымдастырушылық қабілеті қоғамдық жұмыстарда ерекше бағаланды. Туған өңіріндегі ауылдардың әлеуметтік дамуына және жастар тәрбиесіне қосқан үлесі зор.

    Бірнеше жыл бұрын оның көптен бергі арманы орындалып, Алға ауылында жаңа мектеп салынды. Ал ауылдың ортасындағы ақ мешіт — Жарықбасовтар әулетінің жерлестеріне жасаған тағы бір игі сыйы.
    Жалпы, Солтанбай ата — өте бақытты жан. Бүгінде оның 78 немересі, шөбересі және шөпшегі бар.

    Соңғы жаңалықтар

    Этномәдени орталық өкілдері референдумға келді
    15.03.2026
    Жамбыл Жабаевтың ұрпағы референдумға келіп, үлкен өнеге көрсетті
    15.03.2026
    ЖАС ОТБАСЫНЫҢ ТАҢДАУЫ
    15.03.2026
    Қарасай ауданында жергілікті өндірушілер жәрмеңкесі өтті
    15.03.2026
    Жыр алыбы Жамбылдың шөбересі белсенділік танытты
    15.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>