Наурызнаманың 10 күндігі аясында атап өтілетін Тазару күні – қоғамды, табиғатты және адам жанын жаңғыртуға бағытталған маңызды күн. Осыған орай Алатау қаласында “Табиғатқа тағзым” атты экологиялық акция ұйымдастырылып, тұрғындар ортақ мекенді көркейту ісіне белсене атсалысты.
Акция барысында қаланың экологиялық жағдайын жақсарту және жасыл желек қорын арттыру мақсатында ағаш көшеттері отырғызылып, ауқымды сенбілік жұмыстары жүргізілді. Қала аумақтары тазартылып, қоғамдық орындар абаттандырылды.
Тазару күні аясындағы бұл шаралар табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, қоғамдағы ауызбіршілік пен жауапкершілікті нығайтуға ықпал етеді. Әрбір отырғызылған ағаш – келер ұрпаққа қалдырылған аманат, ал көркейген орта – бірлік пен жанашырлықтың айқын көрінісі.
Осындай игі бастамалар арқылы Алатау қаласының тұрғындары туған жерге деген құрметін көрсетіп, табиғатты аялаудың ортақ міндет екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Алатау қаласының ішкі саясат бөлімі




