⛅
-9°C
Қонаев
Дүйсенбі, Наурыз 2, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Табиғатты қорғауға міндеттіміз!

    01.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Табиғатты қорғауға міндеттіміз!
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Адамның бар байлығы, қазынасы ең әуелі бостандығы болса, одан кейін өмір сүру ортасы, яғни табиғат, қоршаған орта. Қазір әлемде сол табиғаттың ластануы, оның тиісінше қорғалмауы үлкен зардаптарға әкеліп жатқанын айтқан ғалымдардың дабылы қағылуда. Өзінің бар байлығын адамзаттың өмір сүруіне сыйға тартып отырған Табиғат- Ананы қорғау, оны аялап ұстау – әр азаматтың міндеті, парызы.
    Елімізде үлкен саяси науқан келе жатыр. Ол – 15 наурыздағы референдум. Бұл – жаңа Конституциямыздың нұсқасын бекіту мақсатындағы жауапкершілгі мол дүние. Ал жаңа Конституция несімен ерекше? Оны біз осыған дейінгі бірнеше жазбада да атап айтқан болатынбыз. Бүгінгі айтарымыз, жаңа Ата Заңымыздың табиғат ананы қорғауға ерекше ықпал бергендігі. Жаңа Ата Заңда арнайы бап қарастырылды.
    «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғи байлыққа ұқыпты қарауға міндетті.
    Мемлекет адамның өмiр сүруiне және денсаулығына қолайлы болатын қоршаған ортаны қорғауды мақсат етеді.
    Адам өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға қатер төндiретiн фактілерді, мән-жайларды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауаптылыққа алып келеді», – делінген 37-бапта. Иә, бұл бап қазіргі табиғаттың талқанын шығарып, ондағы аң-құсты аяусыз қырып жатқан жандарға әжептәуір тосқауыл болары сөзсіз. Қолданыстағы Ата Заңымыздағы Табиғат-Ананы қорғау туралы 38-бапта: «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» деп қана көрсетілген еді.
    Жуырда дәл осы табиғатты қорғау мақсатында қызмет ететін “Шарын” ұлттық табиғи паркіне бас сұғып, ондағы қызметкерлердің Конституцияның жаңа нұсқасы туралы ойларын білген едік. Олардың басты атап өткені де осы 37-бап болды. Әрі бұған ерекше қуанышты екендіктерін жеткізді. Сол жерде өз ойын ортаға салған парк директорының орынбасары Жігер Тойғазыұлының сөзі бізді шынымен ойландырған еді.
    «Осыдан біраз уақыт бұрын Бахар ауылында полиция қызметкерлерімен рейдтік тексеріске шыққан едік. Полиция қызметкері тоқтатқан бір көліктен заңсыз ауланған аң табылды. Әлгі жерде мен оған азамат ретінде де қарап тұра алмадым. Аң аулауға еш құжаты болмағандықтан мұның заңсыз екенін айттым. Сол іс айналып сотқа барды. Менің көлікті тоқтатуға, оны тексеруге еш құқығым жоқ екенін айтып, мені сотқа берді. Шын мәнінде ол көлікті полиция қызметкері тоқтатқан болатын. Біз де барынша өз құқығымызды қорғауға тырыстық. Сотта жеңіліске ұшырап бара жатқанымызда бізді құтқарған бір дүние Конституциямыздағы «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» деген бір сөйлем еді. Міне, осыны алға тартып біз сотта жеңіске жеткен едік. Ал енді жаңа нұсқада бұл бап күрделендіріле әрі нақтылана түсіпті. Бұл дегеніміз – ұлттық паркте табиғатты, ондағы жан-жануарлар дүниесін қорғап, кейде сол адал әрекетінен таяқ жеп қалатын жанашыр жандар үшін өте қолайлы деп ойлаймын», – деп өзінің бастан өткерген оқиғасын айтып берген еді.
    Иә, жаңа Ата Заң көптеген жаңашылдықтар мен ерекшеліктерге толы. Оның әр бабы мұқият қарастырылған. Барлық сала қамтылған. Ел азаматтарының мүддесін қорғауға қатысты талаптар тізбектелген. Қалай десек те, 15 наурызда ел таңдауы жаңа Ата Заң болады деген сенім мол. Өйткені ол – біздің болашығымыз, елдің келешегі. Ал келешегің жарқын болуы үшін жаңарған, жаңғырған Ата Заң қажет.
    Анар Дүйсенбайқызы,
    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    Саятшылар сайысы

    Саятшылар сайысы

    2 years ago
    Елімізде 20 су қоймасы салынады

    Елімізде 20 су қоймасы салынады

    2 years ago
    Елімізде астық жинау науқаны басталды

    Елімізде астық жинау науқаны басталды

    3 years ago
    Бала тәрбиесі – басты міндет

    Бала тәрбиесі – басты міндет

    2 years ago
    Қаржы министрлігі азаматтарды банкроттық рәсімдеуде делдалдардан сақ болуды ескертті

    Қаржы министрлігі азаматтарды банкроттық рәсімдеуде делдалдардан сақ болуды ескертті

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>