⛅
-15°C
Қонаев
Сәрсенбі, Наурыз 11, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Тағылымды шара

    11.03.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мереке, Руханият
    Тағылымды шара
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алғыс айту – адамгершіліктің белгісі. Қарапайым ғана «рахмет» деген сөздің өзі адамдар арасындағы сыйластықты арттырады. Сондықтан алғыс айту мәдениеті кез келген қоғамда ерекше орын алады. Біздің елімізде көктемнің алғашқы күні аталып өтетін Алғыс айту күні – мейірімділік пен ризашылықтың мерекесі. Осы атаулы күнге орай  Талғар ауданындағы№23 жалпы білім беретін орта мектебінің  4 «Б» сынып жетекшісі И. Жукова тағылымды әрі әсерлі іс-шара ұйымдастырды.

    Мерекелік шараның басты мақсаты – оқушылардың бойындағы ризашылық сезімін қалыптастыру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу және еліміздегі ұлттар достығын насихаттау.

       Шара барысында көріністер қойылып, көрермендерге алғыс айтудың мәні мен маңызы кеңінен түсіндірілді. Оқушылар алғыс айтып, өлеңдер оқып, әсерлі әндер орындады. Әсіресе ата-анаға, ұстазға және достарға арналған шынайы лебіздер көпшіліктің көңілін толқытты.

     Шара соңында мектеп директоры Елмира Бейсембаева сөз сөйлеп, ата-аналарды мерекемен құттықтады. Мектеп пен ата-ананың тығыз байланысы, бірлескен еңбегі – оқушының жан-жақты дамуына жол ашатын маңызды қадам екенін айтып, ынтымақтастықтың нәтижесінде сыныпта тәртіп, білім сапасы және ұйымшылдық жоғары деңгейде қалыптасатынын жеткізді. Жас ұрпақты мейірімділікке, адамгершілікке және сыйластыққа тәрбиелеу ортақ міндет екенін алға тартты.

      Алғыс айту – адамдарды жақындастыратын, жүректерге жылу сыйлайтын қасиетті сезім. Әр адам күнделікті өмірінде өзгелердің еңбегін бағалап, ризашылығын білдіріп отырса, қоғамымызда мейірімділік басым болады. Сондықтан «рахмет» деген сөзді жиі айтып, айналамыздағы адамдарға құрмет көрсетуді ұмытпауымыз керек. Алғыс айту күні – бізге осы құндылықтарды еске салып, жақсылық жасауға үндейтін маңызды мереке. Алғыс айту күніне арналған бұл мерекелік кеш те өз мәресіне жетіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Осындай тағылымы мол шаралар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштікті арттырып,ризашылық сезімді нығайта түсетіні сөзсіз.

    Шынар Серғали,

    №23 жалпы білім беретін орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

    Талғар ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Көшпелі көрме
    11.03.2026
    Тағылымды шара
    11.03.2026
    Шекарашылармен өткен бір күн
    11.03.2026
    КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «PEPSICO» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
    11.03.2026
    КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ АЛАТАУ ҚАЛАСЫ АРНА ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ №2 ОРТА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
    11.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>