☀️
1°C
Қонаев
Жексенбі, Наурыз 15, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Таңдау құқығы – тең мүмкіндік

    15.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Референдум
    Таңдау құқығы – тең мүмкіндік
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Кеген ауданындағы референдум учаскелері мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да таңдау жасауына қолайлы етіп жасақталған. Көру және есту қабілеті нашар азаматтар үшін жаңа Конституция жобасының аудио және брайль қарпі түрінде жазылған нұсқалары бар. Бұл еліміздегі барлық сайлау учаскесінде болады. Денсаулығына байланысты келе алмайтынын сайлаушыларға референдум кезінде комиссия мүшелері олардың үйіне арнайы барады. Мүмкіндігі шектеулі жандар елдегі саяси өзгерістерге үн қосып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып келеді. Сондықтан да саяси науқан кезінде олардың дауыс беруі үшін бар мүмкіндікті жасауымыз қажет. Ғимарат алдындағы пандустар талапқа сай, әрі көру қабілеті нашар адамдар үшін еденге жолбағдар орнатылған. Бүгінгі референдумда мүмкіндігі шектеулі жандар өз таңдауын жасауда,- дейді Алматы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Байқоныс Ержан Ділданұлы.
    Республикалық референдум кезінде барлық учаскеде мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы бұрыштар болады. Бұл бұрышқа арнайы компьютер, ұлғайтқыш құралдар, құлаққаптар және өзге де құрылғылар қойылады.
    Сондай-ақ, ауданда инватакси қызметі ұйымдастырылған.
    Осы орайда, үйден арнаулы әлеуметтік қызмет алушы Нағима Таласбаеваның пікірін білген едік.
    – Бүгін үйге келген сайлау жәшігі, мен үшін ерекше әсер қалдырды. Үйде дауыс беретін адам ретінде менің даусымның қаншалықты маңызды екенін байқатты. Әрбір азаматтың пікірі мемлекет үшін құнды, ал менің ойым мен таңдауым да елдің болашағына әсер етеді. Жаңа Конституция әрбір адамның құқығын қорғауға бағытталғанын көрсетеді. Сондықтан өз пікірімді ашық айту және дауыс беру -менің борышым ғана емес, сонымен бірге қуанышты парызым. Ел дамуы- әрбіріміздің белсенділігімізге байланысты дейді,- Нағима Таласбаева.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
    Кеген ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Алматы облысы тұрғындарының 70 пайыздан астамы дауыс берді
    15.03.2026
    Азаматтық белсенділік пен дәстүр үйлесімі референдум күні көрінді
    15.03.2026
    Халық белсенділігі жоғары
    15.03.2026
    «1000 баланың анасы» туған күнінде дауыс берді
    15.03.2026
    Референдум және махаббат: Ұзынағашта ерекше ұсыныс жасалды
    15.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>