⛅
1°C
Қонаев
Бейсенбі, Наурыз 5, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Татулық тұғыры

    03.03.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Татулық тұғыры
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Кеген аудандық Мәдениет үйінде Алғыс айту күніне орай «Бейбітшілік бастауы – бірлік пен келісім» атты салтанатты шара өтті. Сахна шымылдығы еліміздің татулығын айшықтайтын әсерлі бейнеүзіндімен ашылды.

    Жиналған көпшілікті мерекемен құттықтаған Кеген ауданы­ның әкімі Нұрбақыт Теңізбаев өңірдің, жалпы еліміздің дамуына үлес қосып жүрген жерлестерінің еңбегі өлшеусіз екенін атап өтті.
    – Басынан небір зұлмат пен зобалаңды өткеріп, тағдырдың талай тәлкегіне төтеп берген халқымыз бүгінде бірлігі жарасқан, берекелі ғұмыр кешіп келеді. Осындай бейбіт күнге жету жолында татулық пен ынтымақты ту еткен елдің ауызбіршілігі – ең үлкен байлығымыз. Қазақ халқы ежелден ұрпағын үлкенді құрметтеуге, ақсақалдың батасын алып, алғысын арқалауға тәрбиелеген. «Алтын алма, алғыс ал», «Жауынмен жер көгерер, батамен ел көгерер» деген тағылымды сөздер – соның айғағы. Халқымыз үшін алғыс пен бата – тек ізгі тілек емес, ұрпақ санасына сіңген өмірлік ұстаным, адамгершіліктің асыл қағидасы. Сондықтан әрдайым бір-бірімізге жүрегіміздің жылуын сыйлап, қиын сәтте қолдау көрсетіп, қуанышта бірге шаттана білейік. Ынтымақ пен сыйластық салтанат құрған жерде ғана береке мен бақ орнайды! – деген аудан басшысы бірқатар азаматты Алғыс хатпен марапаттады.
    Шара барысында Кеген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шыңғыс Тұрсынов, аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Аслан Мерғалиұлы сөз алып, ыстық ықыластарын білдірді.
    Салтанатты жиын соңында аудан өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, мерекенің шырайын аша түсті.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында «JasylEl» бағдарламасы бойынша 1300-ден астам жас жұмыспен қамтылады

    Алматы облысында «JasylEl» бағдарламасы бойынша 1300-ден астам жас жұмыспен қамтылады

    3 years ago
    Үкімет: Шаруаларға арналған дизель отыны әзірге қымбаттамайды

    Үкімет: Шаруаларға арналған дизель отыны әзірге қымбаттамайды

    3 years ago
    Елде орташа күнкөріс деңгейі 10,5 пайызға ұлғайды

    Елде орташа күнкөріс деңгейі 10,5 пайызға ұлғайды

    3 years ago
    Елімізде көктемгі әскерге шақыру басталды

    Жастар неге әскерден жалтарады?

    1 year ago
    Алатау қаласында “Ұлы дала тарихы” шарасы өтті

    Алатау қаласында “Ұлы дала тарихы” шарасы өтті

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>