⛅
2°C
Қонаев
Бейсенбі, Наурыз 5, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Тұтынушы құқығы ескеріледі

    04.03.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Тұтынушы құқығы ескеріледі
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

       Жыл басынан бері облыстық сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне тұрғындардан түскен өтініштер саны өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда екі есеге артқан.

    Былтыр алғашқы үш айда 249 шағым түссе, биыл қаңтар және ақпан айларының өзінде 458 өтінім тіркелген. Олардың сипаты да өзгерген. Электронды сауда мен тұрмыстық қызметтерге көңілі толмайтындар көбейсе, ал қоғамдық тамақтану орындары мен медицина саласына қатысты шағымдар азайған. Сондай-ақ бұрын сирек кездесетін жаңа қызмет түрлері енгізілген «басқа» санаты бойынша өтінімдер де артып келеді. Себебі қазір тауарды онлайн сауда дүкендерінен тапсырыс беріп алатындар көп. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ермек Әбікенов мәлімдеді.

    Спикердің айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, азамат алдымен шағымын тікелей сатушыға немесе өндірушіге жолдауы қажет. Оны өзі барып, қолма-қол тапсыра алады, хабарламамен немесе компанияның электронды поштасына хат жолдауға да болады. Сатушы шағымды күнтізбелік он күн ішінде қарап, келіспеген жағдайда дәлел келтірілген құжаттарды бірге ұсынуға міндетті.

    – Кейде өтініш құжаттар толық тіркелмеген күйде келеді. Бұл жұмысымызды едәуір қиындатады. Біз тек сөзге сүйеніп шешім қабылдай алмаймыз. Сатушының жеке деректері, шағымның көшірмесі, оған берілген жауап, түбіртектер мен келісімшарттарды жіберу міндетті. Құжаттар толық болған жағдайда ғана істі мәні бойынша қарап, мемлекеттік бақылау шараларын қолдануға болады. Сондықтан тұтынушыларды дәлелдерді мұқият жинауға шақырамыз, бұл баршамыздың уақытымызды үнемдейді, – деген Ермек Нұрқайымұлы дауды шешу тетіктері жайлы да баяндады. Ол үш сатыдан тұрады. Алдымен сатушыға, кейін мемлекеттік органдарға, содан соң сотқа жүгіну керек. Барлық кезеңнен өту сотқа талап-арыз беру үшін міндетті шарт емес. Бірақ моральдық зиянды өтеу мәселесі сотта немесе сотқа дейінгі реттеу субъектілері арқылы қаралады және азаматтық заңнама талаптарына сәйкес реттеледі.

    Жыл басынан бері келіп түскен барлық өтініштер заңнамаға сәйкес қаралып, әрқайсы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілген, қажетті шаралар қабылданған.

    Гүлзат БАЙҚОНЫС

     

    Ұсынымдар

    «Заң мен Тәртіп» Әділетті Қазақстанның іргетасына айналады – Халық партиясы

    Қазақстан Халық партиясы Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын қолдады

    3 weeks ago
    Бас жоспарда барлығы қамтылуы тиіс

    Бас жоспарда барлығы қамтылуы тиіс

    2 years ago
    Ел мерейі тасыған күн

    Ел мерейі тасыған күн

    4 months ago
    «Таза өлке»: Қонаевта студенттер 30 қап қоқыс шығарды

    «Таза өлке»: Қонаевта студенттер 30 қап қоқыс шығарды

    2 years ago
    Шеберлік сабағы

    Шеберлік сабағы

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>