⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Наурыз 4, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Тұтынушылардың құқығы қалай қорғалады? 

    03.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Тұтынушылардың құқығы қалай қорғалады? 
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Алматы облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті өңір тұрғындарының құқықтарын қорғау бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында департамент басшысының орынбасары Ермек Әбікенов айтты.

    Қолданыстағы Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы талаптарына сәйкес, тұтынушының құқығы бұзылған жағдайда дауды шешудің алғашқы және міндетті кезеңі – сотқа дейінгі тәртіп болып табылады. Бұл талап тараптарға мәселені сотқа жеткізбей, өзара келісім арқылы шешуге мүмкіндік береді.

    Заң нормаларына сәйкес, тұтынушы ең алдымен сатушыға, өндірушіге немесе қызмет көрсетушіге жазбаша талап-арыз жолдауы қажет. Талап-арыз қолма-қол табысталады, тапсырыс хатпен алғаны туралы хабарламамен жіберіледі немесе ресми электрондық пошта арқылы жолданады. Сатушы (өндіруші, орындаушы) талап-арызды алған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде қарауға міндетті. Егер талаппен келіспеген жағдайда, дәлелді әрі құжатпен расталған жазбаша жауап берілуі тиіс.

    Департаменттегі іс – тәжірибес көрсеткендей, кейбір азаматтар мемлекеттік органға жүгінген кезде қажетті құжаттарды толық қоса тіркемейді. Бұл өтінішті жан-жақты қарауға кедергі келтіреді. Сондықтан тұтынушылар өтінішпен бірге сатушының (ЖШС немесе ЖК) БСН/ЖСН деректерін, сотқа дейінгі талап-арыз көшірмесін, оған берілген жауапты (бар болса), бақылау-кассалық немесе тауарлық чекті, келісімшартты және өзге де дәлелдейтін құжаттарды ұсынуы тиіс. Егер сатушы белгіленген мерзімде жауап бермесе немесе келтірілген шығынды ерікті түрде өтемесе, тұтынушы уәкілетті органға не сотқа жүгінуге құқылы.

    Статистикалық деректерге сүйенсек, тұтынушылар белсенділігінің айтарлықтай артқанын көрсетеді. 2025 жылдың бірінші тоқсанында Департаментке 249 өтініш түскен. Негізгі шағымдар бөлшек сауда, коммуналдық қызметтер және электрондық сауда салаларына қатысты болған.

    «2026 жылдың қаңтар–ақпан айларында өтініштер саны 458-ге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 209 өтінішке немесе шамамен 84 пайызға артқан. Бұл – екі есеге жуық өсім»,-деді Алматы облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ермек Әбікенов.

    Сонымен қатар шағымдардың құрылымы өзгерген. Электрондық сауда бойынша өтініштер екі еседен астам көбейген, тұрмыстық қызметтер саласында екі есе өсім байқалады. Ал қоғамдық тамақтану мен медициналық қызметтер бағытындағы өтініштер саны төмендеген. Бұл көрсеткіштер тұтынушылар сұранысының жаңа әрі қарқынды дамып келе жатқан қызмет түрлеріне ауысқанын аңғартады.

    Алматы облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті барлық өтініштерді заңнамаға сәйкес қарап, азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өз құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдауда. Тұтынушыларға өз құқықтарын қорғауда белсенді болу, сотқа дейінгі тәртіпті сақтау және қажетті құжаттарды толық ұсыну маңызды екені ескертіледі.

    Ұсынымдар

    “Mecenat.kz” әдеби байқауына өтініш қабылдау басталды

    “Mecenat.kz” әдеби байқауына өтініш қабылдау басталды

    2 years ago
    Денсаулық марафоны

    Денсаулық марафоны

    4 months ago
    Қонаевта «Таза аула» байқауының үшінші кезеңі қорытындыланды

    Қонаевта «Таза аула» байқауының үшінші кезеңі қорытындыланды

    4 months ago
    ЗАМАНА ШЫНДЫҒЫН ЖЕТКІЗГЕН

    ЗАМАНА ШЫНДЫҒЫН ЖЕТКІЗГЕН

    1 year ago
    Жастарға жұмыс ұсынылды

    Жастарға жұмыс ұсынылды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>