⛅
1°C
Қонаев
Жексенбі, Наурыз 15, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұйғыр ауданының әкімі: Ел азаматы ретінде таңдау жасадым

    15.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Референдум
    Ұйғыр ауданының әкімі: Ел азаматы ретінде таңдау жасадым
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Ұйғыр ауданындағы барлығы 38 дауыс беру учаскесіндегі жұмыс қызу қарқынмен жүруде. Барлық учаскелердегі байқаушылар да жұмыс барысын назардан тыс қалдырмауда.

    Аудан әкімі Бота Елеусізова да Шонжыдағы №927 дауыс беру учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. «Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн. Біз бүгінгі референдумда таңдау жасау арқылы – жарқын болашаққа қадам басатынымызды ұмытпауымыз керек. Осы елдің патриоты ретінде әр азамат елінде болып жатқан өзгерістерге бей-жай қарамауы тиіс. Сондықтан да бүгін ауданымыздың әрбір тұрғыны өз жауапкершілігін сезініп, таңдауын жасайтынына сенімдімін.

    Ел Президентінің ашық қоғам, әділетті Қазақстан құру жолындағы әр бастамасын қолдаймыз. Осының нәтижесінде жаңа Конституцияны қабылдау халықтың таңдауына берілді. Бүгінгі референдум  мемлекеттің ашықтығын арттырып, азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысуын кеңейтпек. Сол себепті мен де бүгін аудан әкімі ретінде ғана емес, осы елдің азаматы ретінде таңдау жасадым» – деп өз ойымен бөлісті.

    Бүгінгі референдум барлық учаскелерде қалыпты жағдайда өтуде. Дауыс берушілерге барлық жағдай жасалған. Дауыс беру процесі ашық түрде жүргізілуде. Тұрғындар да өз белсенділіктерін танытып, бүгінгі саяси науқанға жауапкершілікпен қарап, өз ұстанымдары мен таңдауларын жасап жатқаны қуантты бізді.

    Анар Дүйсенбайқызы

    Ұйғыр ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Алатау қаласының әкімі Аркен Өтенов референдумда дауыс берді
    15.03.2026
    Референдумдағы қар барысы
    15.03.2026
    Кенен Әзірбаевтың қызы ел болашағына зор сенім білдірді
    15.03.2026
    Көктем, драйв, дрифт-шоу: Қонаевта жарыс жеңімпаздары дауыс берді
    15.03.2026
    Болат Әбділманов: «Ата Заңды қолдау – парызымыз»
    15.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>