☀️
4°C
Қонаев
Сәрсенбі, Наурыз 18, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұлттық киім ұлықталды

    18.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Ұлттық киім ұлықталды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Наурызнама аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күні ретінде тойланады. Осыған орай Талғар ауданы Тұздыбастау ауылдық Мәдениет үйінде «Алатау әуендері» ансамблінің ұйымдастыруымен мерекелік кеш өтті.

    Шараның ашылу салтанатында өнерпаздар ұжымы сахнаға ұлттық киіммен шығып, «Қамажай» биін орындады. Мәдениет үйінің директоры Мұратбек Сарбасов жиналған жұртты құттықтап, жылы лебізін білдірді.
    – Бүгін біз нағыз халықтық мереке – Ұлттық киім күнін атап өтудеміз. Бұл ата-бабаларымызды еске алуға, ұлттық мұраға деген қызығушылықты арттыруға және жастар арасында этностильді дәріптеуге зор ықпал етеді. Қазақтың ұлттық киімі бай және алуан түрлі. Ол өткеннің белгісі ғана емес, сонымен бірге рухани құндылықтардың құрамдас бөлігі, бүгінгі мәдени және заманауи бірегейліктің нышаны, – деді ол.
    Аудан өнерпаздары ұлттық мерекелерге қатысты киім түрлерін таныстырды. Көрген жанның көзін сүйіндіретін ұлттық киім киген қыздар әшекейлер мен ою-өрнектері бар тұрмыстық үй жабдықтарын да көпшілікке ұсынды. Шара барысында «Алатау әуендері» ансамблі ән-күй орындап, ақындар өмірінен сахналық көрініс қойды.
    Ұлттық киімнің әрбір элементі – әшекейдің, кестенің, ою-өрнектің өзіндік мәні бар. Ол тек тарихтың ғана емес, сонымен бірге заманауи Қазақстанның да маңызды бір бөлігі. Өйткені ұлттық киім – ұлт бейнесі.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Соңғы жаңалықтар

    Жаңа Конституция қабылданды
    18.03.2026
    Екі амбулатория ел игілігіне берілді
    18.03.2026
    Бір тал кессең, он тал ек
    18.03.2026
    Саяси шара сапында
    18.03.2026
    Жәдігермен танысты
    18.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>