⚠️ Ауа райы табылмады.
Сейсенбі, Наурыз 31, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Үш ай жалақы алмаған жұмысшыларға AMANAT араласқаннан кейін төлем жасалды

    31.03.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Үш ай жалақы алмаған жұмысшыларға AMANAT араласқаннан кейін төлем жасалды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    «WINDOOR SOLUTIONS» ЖШС қызметкерлері жалақы қарызына байланысты «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауына жүгінді_

    Алматы облысына қарасты Алатау қаласында «WINDOOR SOLUTIONS» ЖШС-нің 100-ден астам қызметкері үш ай бойы жалақыларын ала алмай жүргендерін айтып, «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына жүгінді.

    Жұмысшылардың сөзінше, олар осы уақыт ішінде жұмысты тоқтатпаған, белгіленген кестеге сай еңбек ете берген. Алайда компания басшылығымен бірнеше мәрте келіссөз жүргізуге тырысқанымен, одан нәтиже шықпаған.

    «Біз үш айдан бері еңбекақымызды ала алмай келеміз. Басшылық үнемі «бүгін береміз», «ертең аударамыз» деп уақыт созумен болды. Бірақ нақты төлем жасалмады. Соған қарамастан біз жұмысты тоқтатпай, күн сайын өз міндетімізді атқарып жүрдік. Қазір әр жұмысшыға кемінде 900 мың теңгеден 1 миллион 200 мың теңгеге дейін қарыз жиналып қалды. Тіпті жалақысын ала алмай, жұмыстан шығып кеткен азаматтар да бар. Басшылықпен бірнеше рет сөйлесуге тырыстық, бірақ нақты нәтиже болмады. Амалсыздан партиядан көмек сұрауға мәжбүр болдық», – деді Аслан Тойғанбаев.

    Мәліметке сәйкес, қазір компанияның қызметкерлер алдындағы жалақы берешегі 120 миллион теңгеге жеткен. Мәселе көтерілгеннен кейін «AMANAT» партиясы оған дереу араласып, жауапты органдармен және Алатау қаласы әкімдігімен нақты жұмыс жүргізген.

    Соның нәтижесінде бүгін 100-ден астам жұмысшының әрқайсысына 120 мың теңгеден төленді. Ал компания қалған берешекті алдағы бес күн ішінде толық өтеуге міндеттеме алып отыр.

    «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Серік Нұрқадыровтың айтуынша, бұл мәселе толық шешілгенге дейін партияның бақылауында болады.

    «Бұл жерде 100-ден астам адамның ғана емес, ондаған отбасының тағдыры тұр. Үш ай бойы жалақы алмау – өте күрделі мәселе. Сондықтан партия бұл жағдайға бірден араласып, жауапты органдармен және әкімдікпен нақты жұмыс жүргізді. Соның нәтижесінде бүгін жұмысшыларға 120 мың теңгеден төленді. Енді компания алдағы бес күн ішінде жалақы берешегін толық өтеуге міндеттеме алып отыр. Біз бұл мәселені соңына дейін жеткізіп, әр жұмысшының заңды ақысын толық алуына қол жеткіземіз», – деді ол.

    Партия өкілдерінің мәліметінше, ендігі негізгі міндет – жұмысшылар алдындағы жалақы берешегін толық көлемде өтету. Осыған байланысты мәселе құзырлы органдармен бірлесіп сүйемелденіп, толық шешілгенге дейін бақылауда болады.

    Соңғы жаңалықтар

    Үш ай жалақы алмаған жұмысшыларға AMANAT араласқаннан кейін төлем жасалды
    31.03.2026
    «Самұрық-Қазына» Қонаевта жаңа спорт кешенін салады
    31.03.2026
    Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды
    31.03.2026
    Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің 2026–2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті
    31.03.2026
    Биыл Алматы мен Жетісу облыстарында мың шақырымнан астам жол тексеріледі
    31.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>