Алматы облысының Талғар қаласында «Велосипедпен – референдумға» атты ерекше спорттық челлендж өтті. Акцияға он велоспорт жаттықтырушысы қатысты. Олар велосипедпен қаланың басты көшелерін жүріп өтіп, тамаша дайындықтарын, командалық рухын паш етіп, салауатты өмір салтын насихаттады.
Спорт акциясы достық пен жігердің жаршысы болып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жарыс аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар №833 сайлау учаскесіне барып, өз азаматтық таңдауын жасады..
«Спорт акциясы белсенді азаматтық ұстаным – әрбір адам өмірінің ажырамас бөлігі екенін көрсетті. Спорт пен қоғам алдындағы жауапкершілік бір-бірін толықтырады», – деді Алматы облысының велоспорт бойынша аға жаттықтырушысы Евгений Пеляйкин.
Талғардағы велоспорт мектебі Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңіріндегі жетекші орталықтардың бірі саналады. Мұнда ұлттық құрама мен кәсіби командаларға резерв қалыптасады, ал мектеп тәрбиеленушілері жастар мен ересектер құрамаларының сапын тұрақты түрде толықтырып отырады.
Акция спорт арқылы адамдарды біріктіріп, қоғам өміріне белсенді қатысуға шабыттандырды. Сонымен қатар салауатты өмір салты мен азаматтық жауапкершілік бүгініміз бен ертеңіміз үшін ажырамас құндылық екенін дәлелденді.




