⚠️ Ауа райы табылмады.
Жұма, Наурыз 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ырысы алды – ынтымақ

    20.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Ырысы алды – ынтымақ
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Асыл дініміз Исламда адамзатты Алланың жаратылысы деп танып, олардың әрқайсысын ұлтына, нәсіліне қарап бөлмеді. Кім қандай ұлттан болса да, әр адам тарихы мен шыққан тегін білуге тиіс. Бұл өз ұлтын ұлықтап бөліну үшін емес, туыстық пен бауырластықты одан әрі күшейту үшін керек. Ислам діні бір нәсілді басқа нәсілден ешқашан жоғары қоймайды.

    Ардақты Мұхаммед пайғам­бары­мыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, адамдар! Расында Раббыларың бір, аталарың бір. Естеріңде болсын. Арабтың араб еместен, араб еместің арабтан, терісі қызыл адамның қарадан, қараның терісі қызылдан еш артықшылығы жоқ. Артықшылық тек тақуалықта ғана», – деп айтқан.
    Хәкім Абай атамыз:
    Махаббатпен жаратқан адамзатты,
    Сен де сүй, ол Алланы жаннан тәтті.
    Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп,
    Және хақ жолы осы деп әділетті, – деп айтса, батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы: «Әрбір адамзат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтей білуге тиіс», – деген.
    Қазіргі таңда Қазақстанды Отаным деп санайтын 130 этнос пен 18 конфессия өкілдері елімізде бейбіт өмір сүруде. Осы ұлттар мен этностық топтар арасындағы тұрақтылықты қамтамасыз ететін ұлттық мәдени орталықтары негізінде құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы қызмет етіп келеді. Бұған қоса еліміздегі мұсылмандардың бірлігін ұйытып отырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да өз кезегінде ынтымақ пен бірлікті нығайтуда.
    Бірде Төле би бабамыз ауырып, төсек тартып жатқанда үш адам кіріп келеді. Олар биге қарап: «Біз үшеуміз үш жүзден сіздің көңіліңізді сұрай келдік. Халқымыздың ендігі алдан күтер бақыты бола ма, аяулы еліңізге қандай өсиет айтасыз?» – дейді.
    Төле би басын көтеріп: «Жүзге бөлінгеннің жүзі қара», – дей келе: «Қазақ халқы осы күнге дейін өзара достық, ынтымақта болып келдік, ендігі бақытымыз таздың басында, соқырдың көзінде, пұшықтың мұрнында қалмаса екен», – деген екен. Ислам діні де осыны көздейді, яғни бөлінбей өмір сүру – басты міндет.
    Ата-бабаларымыз «Ынтымақ – елдің ырысы», «Байлық, байлық емес, бірлік – байлық», «Айтысқан ауыл болмас, болыспаған бауыр болмас» деу арқылы біздерді әрдайым ауызбірлікке шақырған. Алла Тағала бөлінуден, дау-дамайдан сақтап, берекеміз бен бірлігімізді арттырсын.
    Біз әлімсақтан бері мұсылманбыз. Құдайдың құлы, Мұхаммедтің үмбетіміз. Адамды нағыз адам ететін асыл қасиеттер – сабырлылық, ұстамдылық, қанағат, дархандық, кішіпейілділік, батылдық сияқты көркем мінез-құлықтар әрқайсы­мыздың бойымыздан табылуға жазсын.
    Ниетімізді – имандылыққа, тазалыққа, тілімізді – шыншылдыққа, мінезімізді – туралыққа, құлағымызды – тыңдаушыға, көзімізді өнегелі бақылаушыға айналдырып алсақ, біз бақытты болмай, кім бақытты болады?
    Бәріне де шүкір!

    Күміс Пармашқызы,
    ҚР Мәдениет қайраткері,
    Жамбыл ауданының Құрметті азаматы

    Соңғы жаңалықтар

    Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты
    20.03.2026
    Балдай тәтті балмұздақ
    20.03.2026
    Тәні саудың – жаны сау
    20.03.2026
    Жаңаруға бастаған
    20.03.2026
    Ырысы алды – ынтымақ
    20.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>