❄️
2°C
Қонаев
Сейсенбі, Наурыз 10, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Зауыт жұмысшылары саяси науқаннан тыс қалмайды

    10.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум
    Зауыт жұмысшылары саяси науқаннан тыс қалмайды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Жамбыл ауданының Үңгіртас ауылындағы«Plast Invest Production» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құбыр шығаратын зауыты 2009 жылдан бері жұмыс істейді. Мұнда құбыр полиэтилен материалынан дайындалады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал еткен кәсіпорынның  өнімдері қазіргі заманғы сұранысқа сай келеді.

    ​Зауыттың өнімдері ауызсу, газ және кәріз жүйелеріне арналып тиісті пішінде және көлемде қалыпталады. Аталған серіктестіктің бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Өмірғали Шпекбаевтың айтуынша, осындай құбырлардың түрлі диаметрдегі бірнеше түрі шығарылады. Сонымен қатар пластикалық ыдыс, болат фланец, шыны-пластик арматуралар да өндіріледі. Полимер материалдары нарығында қазір мұндай тауарларға сұраныс уақыт өткен сайын өсе түсуде. Пластикалық құбырларға деген қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында зауыттан өнімнің түр-түрі тұтынушыға жөнелтіліп келеді.

    ​Нарықта өз орнын тапқан өндіріс орны тұрақты жұмыс істеп келеді. Тиісті орындарға тауарды уақытында жеткізу ісі мұнда жүйеге келтірілген. Кәсіпорын бүгінде  полиэтилен құбырларын шығару ісінде алдыңғы қатарлы өндіріс орны саналады. Компания әр түрлі қолданысқа арналған төмен қысымды, тығыздығы жоғары «HDPE 100» маркалы полиэтиленнен тауар өндіруге мықтап маманданған. Түрлі өлшемдегі құбырлар, шыны-пластик арматуралар, суға арналған ыдыстар сапалы дайындалады. Өнімнің барлығына тиісті сертификаттары бар. Зауытта заманауи құрал-жабдықтар орнатылып, жаңа технология қолданылады. Жылына 18 мың тонна өнім өндіріледі.

    – Біздің зауытта 100-ге тарта адам жұмыс істейді.Елімізде болып жатқан басты оқиғаларға құлағымызды түріп жүреміз. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып жатқан саяси реформаларды өз басым қолдаймын. Неге десеңіз, мемлекетті қазіргі заманға сай дамыту үшін керек деп ойлаймын. Сондықтанқабылданатын жаңа Конституциямыз қазіргі өмірге де, болашаққа да толыққанды қызмет ететіндей болуы тиіс. Жаңа Ата Заң жобасымен танысып шықтым. Мұндағы ең басты мақсат – Қазақстанды дамыту, болашақта алдыңғы қатарлы елдерментерезесі тең дәрежеге көтеру үшін қажетті заңдық негіз жасау деп есептеймін. Кең байтақ Отанымыздың біртұтас қалпында, экономикасы күшті, қорғанысы мығым, мемлекет құраушы ұлттың құндылықтары сақталған, ауызбірлігі мықты өркениетті ел болуын қалаймын. Жүргізіліп жатқан саяси өзгеріс сол бағытта екеніне сенемін. Сондықтан 15 наурызда болатын референдумда өз қалауымды білдіремін. Зауыт жұмысшылары да бұл науқанға бей-жай қарамай, өздерінің таңдауын жасайды, – деді «Plast Invest Production» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Өмірғали Шпекбаев.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    КӨПТЕН КҮТКЕН ҚОНЫСТОЙ
    10.03.2026
    Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды
    10.03.2026
    БАСПАНАЛЫ БОЛУ – БІР БАҚЫТ
    10.03.2026
    КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «НАУРЫЗ АГРО» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
    10.03.2026
    ОСМС в действии: как жителю Конаева помогла современная хирургия
    10.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>