⛅
-3°C
Қонаев
Жексенбі, Наурыз 15, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа Конституция бойынша референдум басталды

    15.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Жаңа Конституция бойынша референдум басталды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум басталды. Дауыс беру учаскелері Астана уақыты бойынша сағат 7:00-де ашылып, 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

    Қазақстан азаматтары референдум учаскелерінде Астана уақыты бойынша 7:00-ден 20:00-ге дейін дауыс бере алады. Сонымен қатар елдегі 92 учаске басқаларынан ертерек, яғни сағат 06:00-де жұмысын бастады.

    Бюллетеньде бір ғана сұрақ берілген:
    «2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын қабылдайсыз ба?»

    Қазақстандықтарға екі нұсқада жауап беру мүмкіндігі ұсынылады:

    • «Иә, қабылдаймын»

    • «Жоқ, қабылдамаймын»

    Бюллетень әрбір азамат тарапынан жеке өзі, құпия дауыс беру кабинасында толтырылады.

    Конституция жобасының мәтіні қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ оның аудио нұсқасы барлық дауыс беру учаскелерінде қолжетімді болады.

    Референдумды бақылауға 10 халықаралық ұйым мен шетелдік 27 орталық сайлау комиссиясынан келген 359 халықаралық бақылаушы қатысады. Ал референдум барысын 31 елден келген 185 шетелдік журналист жариялап отырады.

    Қанша азамат дауыс бере алады

    Еліміз бойынша дауыс беруге 12 461 796 азамат қатыса алады.

    Жалпы 10 402 референдум учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде:

    • 9 779 учаске — азаматтардың тіркелген жері бойынша;

    • 634 учаске — уақытша болатын орындарда ашылған.

    Шетелде жүрген 14 230 Қазақстан азаматы да дауыс бере алады. Олар үшін 54 елдегі Қазақстанның шетелдік мекемелерінде 71 учаске ашылады.

    Ең алғашқы референдум учаскесі Токио қаласында (Жапония) ашылса, ең соңғысы Сан-Францискода (АҚШ) жабылады.

    «Республикалық референдум туралы» заңға сәйкес, егер дауыс беруге дауыс беру құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы қатысса, референдум өтті деп есептеледі. Бұл жағдайда қатысу көрсеткіші 6,2 миллион адамнан асуы тиіс.

    Референдум қорытындысы қашан жарияланады

    Дауыстарды санау сағат 20:00-де, дауыс беру учаскелері жабылғаннан кейін басталады.

    Заңға сәйкес, егер дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан көбі жаңа Конституцияны қолдаса және мұндай көпшілік облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде тіркелсе, жаңа Конституция қабылданды деп танылады.

    Референдумның қорытынды нәтижелерін Орталық референдум комиссиясы дауыс беру өткен күннен бастап жеті күн ішінде, яғни 2026 жылғы 21 наурыздан кешіктірмей жариялауы тиіс. Нәтижелер бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

    Еске сала кетейік, 2026 жылғы 11 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойған болатын.

    Конституциялық реформаның бастауына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бір палаталы Парламент құру туралы бастамасы негіз болды. Президент бұл идеяны 2025 жылғы 8 қыркүйекте халыққа арналған жыл сайынғы Жолдауында жариялаған еді.

    Соңғы жаңалықтар

    Референдум заң талаптарына сай өтуде
    15.03.2026
    Танымал өнер иесі өз таңдауын жасады
    15.03.2026
    «Өзгеріс жауапкершіліктен басталады»: Алматы облысының әкімі референдумда дауыс берді
    15.03.2026
    Таңнан басталған таңдау
    15.03.2026
    Референдумға ретро көлікпен келді
    15.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>