⛅
19°C
Қонаев
Бейсенбі, Сәуір 23, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа Конституция жобасын қолдаймыз!

    03.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Жаңа Конституция жобасын қолдаймыз!
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

    15 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы бойынша республикалық референдум өтеді. Бұл азаматтардың жаңа Ата Заң жобасын халықтың қаншалықты қолдайтынын көрсетеді. Елімізде болып жатқан Конституциялық реформаға орай Балқаш ауданының белсенділерін сөзге тартқан едік.

    Ғалия Әліпбаева, аудандық аналар кеңесінің төрағасы:

    • Жаңа Конституция жобасында азаматтарды қорғаудың барлық тетіктері күшейтілген. Өмір сүру, білім, ғылым, медициналық қызмет алумен қатар цифрлық ортадағы жеке деректері де қорғалады. Отбасы, ана, әке және бала мемлекет қамқорлығында болады. Бұл дегеніңіз – келер ұрпақтың қамын ойлау, олардың алаңсыз өмір сүруі үшін барлық жағдайды жасау деген сөз. Демек, жаңа Конституция азаматтарды толығымен қорғайды.

    Гүлзат Сәлімжанова, қоғам белсендісі:

    • Жаңа Конституция мәтініне «Миранда ережесінің» енгізілуін өз басым оң бағалаймын. Бұл норманың конституциялық мәртебе алуы үнсіз қалу құқығы мен адвокат көмегіне жүгіну құқығын азаматтарды қорғаудың іргелі кепілдігіне айналдыратыны анық. Сондай-ақ пропорционалды сайлау жүйесіне көшу қадамы да дер кезінде қолға алынып жатқан дүние деп есептеймін. Яғни бұл қадам, пропорционалды сайлау жүйесін саяси әртараптандыру мен көппартиялықты дамытуға жағдай жасайтыны анық.

    Жайдары Әлімбаева, аудандық мәслихаттың депутаты:

    – Жаңа Ата Заңның әлеуметтік мәніне назар аударсаңыз, көптеген тың бастамаларға куә болатыныңыз анық. Өйткені жаңа Конституцияда адамдардың әлеуметтік жағдайын нығайтуға да баса көңіл бөлінген. Сонымен қатар «қоршаған ортаны қорғау мемлекет пен әрбір азаматтың конституциялық міндетіне айналады» делінген. Бұл табиғатты қорғап, оған жауапкершілікпен қарауға жетелейді. Ал Табиғат-Ана – ортақ байлығымыз.

    Кәдірбек Омаров, аудандық коалиция мүшесі:

    • Бұл жаңа Конституцияның жобасын халықтың ортасында түсіндіру мақсатында аудан көлеміндегі 15 ауылдық округтің барлығында дерлік болдым. Сондағы байқағаным, ауыл тұрғындары бұл іске өз үлестерін қосуға тас-түйін дайын отырғандығы.

    Мен барған әрбір сапарымда коалиция мүшелерімен бірге Конституциядағы өзгерістерді тұрғындарға жеткізуге тырысамын. Сондай-ақ республикалық референдумға жаппай қатысу арқылы ғана жаңа Конституция қабылдай алатынымызды, бұл түпкілікті шешімді халық қабылдайтынын егжей-тегжейлі түсіндіріп жүрмін.

    Айдана Алтынбекова, жастар белсендісі:

    • Жаңа Конституция жобасы мемлекет дамуының адамға бағдарланған моделін бекітетіні анық. Осы орайда Жаңа Конституцияда адам капиталы жер қойнауы мен табиғи ресурстардан маңызды екені жазылған. Бұл білім мен ғылымды дамыту және азаматтардың тұрмысын жақсарту мәселесі мемлекеттің тікелей міндетіне айналатынын білдіреді. Осыған қарап-ақ жаңа Конституцияның біз үшін қаншалықты маңызды екенін іштей бағамдай беруіңізге болады.

    Зәуреш Демеуқұлова, өлкетанушы:

    • Конституцияны жаңғырту – құқықтық тұрғыда дамудың жарқын көрінісі. Жаңа жоба демократиялық институттарды нығайтуға және құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұған жаңа Конституцияның жобасымен бастан-аяқ танысып шыққанда көз жеткіздік.

    Иә, жыл санап қоғам өзгеруде. Бұрнағы жылдардағы дүниелер уақыт тезімен бірге өз маңыздылығын жоғалтып барады. Ескі Ата Заңымыздың жағдайы да дәл осындай. Сондықтан да жаңа Конституцияны қабылдау уақыт күттірмейтін мәселесі деп білемін.

    Серік Бекжігітов, зейнеткер:

    • Мен көпті көрген қария ретінде айтарым, жаңа Конституция қабылдау – дер кезінде қолға алынған іс. Өйткені жаһандық трансформациялар мен технологиялық өзгерістер жағдайында Конституцияны жаңғырту қажет екені – замана талабынан туындағаны даусыз. Сондықтан да республикалық референдумда жаңа Конституцияны қолдауға барлықтарыңызды шақырамын!

    Аудан тұрғындары осылайша өз пікірлерін білдірді. Олар жаңа Конституцияны толығымен қолдайды және референдумға белсенді түрде қатымуға ниетті.

    Алма ЕСЕНБАЙ,

    Балқаш ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнімен құттықтады
    23.04.2026
    Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала
    23.04.2026
    Ойшыл болғыңыз келсе, кітап оқыңыз
    23.04.2026
    Әскери борыштың берері мол
    23.04.2026
    Ортаймайтын ой қазынасы
    23.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>