☀️
1°C
Қонаев
Сенбі, Наурыз 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жарқын жобаға жол ашқан

    14.03.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Жарқын жобаға жол ашқан
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қонаев қаласындағы «Alatau hub» инновациялық орталығында «Digital Qazaqstan – 2026» республикалық байқауының жартылай финалы өтті. Сайыстың мақсаты – жасанды интеллект пен жаңа технологиялардың түрлі салада тиімді қолданылуына жол ашып, стартаптарға қолдау көрсету. Биыл алғаш рет өткізіліп отырған шараны Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, «Astana hub» технопаркі және оның өңірлік филиалдары бірігіп ұйымдастырған.

    Жартылай финалға облыстағы 12 жобаның ішінен бесеуі іріктеліп алынған. Қатысушылар өз стартабын сарапшыларға таныстырып, ерекшелігін түсіндірді. Бақытжан Ыбрашев ұсынған «TimeTeacher» – оқушылардың сабаққа қатысуын автоматты түрде тіркеу және анонимді кері байланыс арқылы оқушы, мұғалім және ата-ана арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға арналған бағдарлама. Эди Тайыр Рапқаттың «Balasagun AI Robot» жобасы жасанды интеллект арқылы ағылшын тілін меңгеруге көмектеседі. Жамай Кенжехан таныстырған «Robospark.kz» Arduino, Lego Mindstorms, Micro:bit және 3D-басып шығару технологиялары негізінде студенттерді робототехника, бағдарламалау мен механика негіздеріне үйретуге бағытталған. Мұхит Махмұттың «AI TNV» стартабы тауардың штрихкоды арқылы халықаралық стандарттарға сай атауын автоматты түрде анықтайды. Жобалардың ішінен үздік шыққаны – Азамат Нұрланұлының «zhihaz.kz» қосымшасы. Бұл – жиһазды онлайн, қауіпсіз әрі жылдам тапсырыс беруге арналған цифрлық платформа. Оны дайындауға үш ай уақыт кеткен. «Astana hub»-тың «Startup4D» бағдарламасына қатысып, пайдаланушылар арасында таныла бастаған.
    – Жобаны әзірлеу кезінде жиһаз дайындау және оны сату барысын зерттеп, нарықтағы ерекшелігін, негізгі мәселелерін талдадық. Қазір әртүрлі салада заман талабына сай өзгерістер енгізілуде. Бірақ бұл бағытта цифрлық бастамалар жоғын байқадық. Біз қызмет көрсету сапасының жоғары болуын басты назарға алдық. «Zhihaz.kz» онлайн сатып алу кезінде жиі кездесетін алаяқтықтың алдын алуға әрі оңай тапсырыс беруге көмектеседі. Ол үшін ұнаған жиһаздың суретін немесе дизайнын бағдарламаға жүктеу керек. Соған сай өндірушілер ұсыныс жібереді. Тапсырыс беруші пікірлерге, бұрын жасалған жұмыстарға және дайын жиһаз үлгілеріне қарап таңдау жасайды. Содан кейін баға мен тапсырыстың орындалу мерзімі келісіліп, арнайы келісімшарт жасалады. Сатып алушы жиһаздың жасалу барысын фотоесеп арқылы бақылай алады. Ең бастысы – жиһаз жеткізілгенше сатып алушының ақшасы платформада сақталады. Кейін тауардың тапсырысқа сәйкес келгенін растағаннан кейін ғана қаражат өндірушіге аударылады», – деді жеңімпаз.
    Алдағы уақытта «zhihaz.kz» жобасы байқаудың финалдық кезеңінде бақ сынайды. Жарыстың өңірлік кезеңі еліміздің 20 аймағында өткізілуде. Топ жарып үздік деп танылған стартаптар 27 наурыз Шымкент қаласында өтетін «Digital Qazaqstan» форумында бәсекеге түседі.

    Гүлзат БАЙҚОНЫС

    Соңғы жаңалықтар

    6654 әскери бөлімде Көрісу амалы атап өтілді
    14.03.2026
    Қарадаладағы игі іс
    14.03.2026
    Кешірім айы
    14.03.2026
    Екі ауылдағы қос қуаныш
    14.03.2026
    Жүрекке жылу сыйлады
    14.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>