⛅
-13°C
Қонаев
Сәрсенбі, Наурыз 11, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жасанды интеллект жүйесі басқару тиімділігін арттырады

    11.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Жоғары технология
    Жасанды интеллект жүйесі басқару тиімділігін арттырады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай облыста 50 іс-шараны қамтитын арнайы жоспар бекітілген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Жандос Ақыл мәлімдеді.

    – Облыста республика бойынша алғашқылардың бірі болып «Qonaev AI» өңірлік жасанды интеллект жүйесі әзірленді. Аталған жүйе әкімдік пен басқармалардың деректерін біріктіріп, соның негізінде талдау жасап, шешімін ұсынады. Бұл басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өңірде 2 мыңнан астам бейнебақылау камерасына жасанды интеллект қызметі енгізілді. Олар бет-әлпетті тану, қалдырылған заттарды анықтау және адамдардың көп жиналуын бақылау арқылы қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға септігін тигізеді, – деген Жандос Қанатұлы әр салада жасанды интеллект әсерінен енгізіліп жатқан өзгерістер туралы баяндады.

    Медицина саласында «PACS» жүйесі іске қосылған. Бұл жасанды интеллект арқылы рентген, КТ, МРТ, маммография арқылы бірден байқала қоймайтын өзгерістерді көрсетіп, ауруды ерте кезеңде анықтауға, диагноздың дұрыс қойылуына көмектеседі. Дәрігердің жұмысын жеңілдетеді. Орман шаруашылығы саласында өрттің алдын алуға арналған жоба да әзірленген. Қазіргі таңда өрт қаупі жоғары 18 мекенде арнайы камералар орнатылуда, ол 30 шақырым аумақта түтін мен жалынды автоматты түрде танып, қауіпті жағдай туралы жедел хабар береді.

    Биыл Сүлеймен Демирел университетінде «Tomorrow School» бағдарламалау мектебі ашылмақ. Бұл студенттердің ақпараттық технология саласындағы білімін дамытуға және нақты жобаларды іске асыруға, тәжірибе мен командалық жұмыс арқылы жасанды интеллектіні меңгеруге мүмкіндік береді. Білім алушылар онда 12 ай бойы оқиды. Бір жыл ішінде 3000-ға жуық студент қатысады деп жоспарланған. Ал 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге «TUMO Center» жобасы дайындалуда. Онда бағдарламалау, робототехника, дизайн, анимация және жасанды интеллектінің қыр-сырын меңгеруге болады. Одан бөлек, «Alatau Hub» инновациялық орталығында да оқыту іс-шараларын өткізу көзделген.

    Райымбек ауданы Нарынқол ауылында пилоттық тәжірибе негізінде «Freedom» компаниясының тегін Wi-Fi желісін орнату жоспарлануда. Спикердің айтуынша, қазіргі таңда шалғай аудандардағы он ауылда интернет мәселесі өзекті болып тұр. Бұл түйткіл «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 2026-2027 жылдары шешімін таппақ.

    Брифинг барысында Қонаев қаласы әкімдігімен бірлесіп жасалған «ақылды» аялдамалар жайлы да айтылды. Оның басты ерекшелігі – аялдама толығымен жабылған. Яғни қыста жылы, жазда салқын болып тұрады. Бейнебақылау камералары, Wi-Fi іске қосылған. Жолаушыларэлектронды табло арқылы автобустың келу уақытын бақылай алады. Телефонды қуаттау құрылғылары да орнатылған.

    Гүлзат БАЙҚОНЫС

    Соңғы жаңалықтар

    Тағылымды шара
    11.03.2026
    Шекарашылармен өткен бір күн
    11.03.2026
    КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «PEPSICO» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
    11.03.2026
    КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ АЛАТАУ ҚАЛАСЫ АРНА ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ №2 ОРТА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
    11.03.2026
    МЕКТЕП МЕРЕЙІ
    11.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>