⚠️ Ауа райы табылмады.
Дүйсенбі, Сәуір 6, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    90 жылдыққа – 9000 ағаш!

    06.04.2026
    in Барлық жаңалықтар
    90 жылдыққа – 9000 ағаш!
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Райымбек ауданының орталығындағы Б. Соқпақбаев атындағы Жастар саябағында «9000 ағаш – болашаққа аманат» тақырыбында акция өткізілді. Аталған шара ауданның құрылғанына 90 жыл толу құрметіне арналды.

    Осынау тарихи маңызы зор шараға байланысты жыл басынан бері жоспарланған 10 игі істің кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы аудан тұрғындарын қуанышқа бөлеуде. Ал бүгінгі өткізіліп отырған акцияның алатын орны тіпті де бөлек. Аты айтып тұрғандай, қардың көбесі сөгіліп, көктің исі мұрын қытықтайтын, көңілді көкке самғататын әр көктем сайын ағаш егіп, оны болашақ ұрпаққа аманатқа қалдыру адами құндылықтың ең жоғары белгісі саналмақ. Ауыл тұрғындары орталық саябақта бас қосқан шараның да мақсаты осындай ізгі ниеттен туындағаны анық. Акцияға ауыл тұрғындары, ақсақалдар, ақ жаулықты аналар, аудан орталығындағы барлық еңбек орындарының жұмысшы-қызметкерлері, жастар, мектеп оқушы­лары қатысты.
    Акцияның салтанатты ашылуында Райымбек ауданының әкімі Дастан Құдабаев көпшілікке арнап сөз сөйледі.
    – Құрметті аудан тұрғындары, қадірлі жерлестер! Ауданымыздың 90 жылдығы аясында ұйымдастырылған 9000 ағаш егу акциясына қош келдіңіздер! Бұл игі бастама – туған жеріміздің табиғатын қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және келер ұрпаққа көркем де көрікті Қазақстанды аманат етуге бағытталған маңызды қадам. Тазалық – әрбір азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігінің айқын көрінісі. Бұл ретте биыл ауданымызда кең көлемді жұмыстар атқарылуда. Солардың бірі – 9000 ағаш отырғызу жобасы. Бұл бастама елдімекендерімізді көгалдандыруға серпін беріп, өңіріміздің экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған, – деген аудан әкімі бүгінгі акцияға бел­сенді қатысып, ауданның көркеюіне өз үлестерін қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Еліміз әрдайым таза, көрікті әрі гүлдене берсін, – деген тілегін жеткізді.
    Аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Медетқан Абиыров ақжарма тілекке толы ыстық ықыласы мен ақ батасын берді.
    Бұл күні Жастар саябағына ағаш отырғызуға жиналған барша қауым ниет-тілектерін бір арнаға тоғыстырды. Өз қолдарымен барлығы 700 түп қарағай, ақ қайың, ақ терек көшетте­рін отырғызды. Және отырғызған ағаш­тарын өздері күтіп-баптауға бірауыздан ықылас танытты. Ауданның құрыл­ғанына 90 жыл толу құрметіне орай ұйымдастырылған ағаш отырғызу акциясы бұл күні ауданның барлық елдімекенінде зор ұйымшылдықпен өтті.

    Жұмабек ТҰРДИЕВ

    Райымбек ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Қызу еңбекке кірісті
    06.04.2026
    90 жылдыққа – 9000 ағаш!
    06.04.2026
    ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНДТЕРМЕН ТАНЫСТЫ
    06.04.2026
    Аймақ абыройын асырды
    06.04.2026
    Жерлестер жеңіс тұғырында
    06.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>