⚠️ Ауа райы табылмады.
Жұма, Сәуір 3, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    9000 ағаш – болашаққа аманат

    03.04.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Экология
    9000 ағаш – болашаққа аманат
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Бүгін Райымбек ауданының орталығындағы Б. Соқпақбаев атындағы Жастар саябағында осындай тақырыпта акция өткізілді. Аталған шара ауданның құрылғанына 90 жыл толуы құрметіне арналды.

    Биыл Райымбек ауданының көрші Кеген ауданынан бөлініп, өз алдына шаңырақ көтергеніне 90 жыл толып отыр. Осынау тарихи маңызы зор шараға байланысты жыл басынан бері жоспарланған 10 игі істің кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы аудан тұрғындарын қуанышқа бөлеуде. Ал, бүгінгі өткізіліп отырған акцияның алатын орны тіпті де бөлек. Аты айтып тұрғандай, қардың көбесі сөгіліп, көктің исі мұрын қытықтайтын, көңілді көкке самғататын әр көктем сайын ағаш егіп, оны болашақ ұрпаққа аманатқа қалдыру адами құндылықтың ең жоғары белгісі саналмақ. Ауыл тұрғындары орталық саябақта бас қосқан шараның да мақсаты осындай ізгі ниеттен туындағаны анық. Акцияға ауыл тұрғындары, ақсақалдар, ақ жаулықты аналар, аудан орталығындағы барлық еңбек орындарының жұмысшы-қызметкерлері, жастар, мектеп отқушылары, алыс-жақыннан келген меймандар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

    Акцияның салтанатты ашылуында аудан әкімі Дастан Құдабаев көпшілікке арнап сөз сөйледі:

    – Құрметті аудан тұрғындары, қадірлі жерлестер! Ауданымыздың 90 жылдығы аясында ұйымдастырылған 9000 ағаш егуі акциясына қош келдіңіздер! Бұл игі бастама – туған жеріміздің табиғатын қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және келер ұрпаққа көркем де көрікті Қазақстанды аманат етуге бағытталған маңызды қадам. Тазалық – әрбір азаматтың мәдениеті мен жауапкершідлігінің айқын көрінісі. Биыл ауданымызды кең көлемді жұмыстар атқарылуда. Солардың бірі – 9000 ағаш отырғызу жобасы. Бұл бастама елді мекендерімізді көгалдандыруға серпін беріп, өңіріміздің экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған, – деген аудан әкімі бүгінгі акцияға белсенді қатысып, ауданның көркеюіне өз үлестерін қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Еліміз әрдайым таза, көрікті әрі гүлдене берсін деген тілегін жеткізді.

    Аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Медетқан Абиыров ақжарма тілекке толы ыстық ықыласы мен ақ батасын берді.

    Бұл күні Жастар саябағына ағаш отырғызуға жиналған баршы қауым ниет-тілектерін бір арнаға тоғыстырды. Өз қолдарымен барлығы 700 түп қарағай, ақ қайың, ақ терек көшеттерін отырғызды. Және отырғызған ағаштарын өздері күтіп-баптауға бірауыздан ықылас танытты. Ауданның құрылғанына 90 толуы құрметі орай ұйымдастырылған ағаш отырғызу акциясы бұл күні ауданның барлық елді мекендерінде зор ұйымшылдықпен өткізілді.

    Жұмабек ТҰРДИЕВ                                               Райымбек ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    9000 ағаш – болашаққа аманат
    03.04.2026
    ЕРЛІК ЕЛ ЕСІНДЕ
    03.04.2026
    Дала төсі дүбірлі
    03.04.2026
    Шаһарды аралады
    03.04.2026
    Белсенділер марапатталды
    03.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>