⛅
24°C
Қонаев
Сәрсенбі, Сәуір 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді

    01.04.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Алматы облысында 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қазақстан Республикасында 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау тәртібіне өзгерістер енгізілді. ҚР Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдардағы тәжірибені ескере отырып, оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау науқанының басталу мерзімін 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бұл жайында Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ақмарал Атенбекова баспасөз мәслихаты барысында айтты.
    Енді құжат қабылдау жыл сайын 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі. Өңірлік ерекшеліктерге сәйкес, Алматы облысында қабылдау мерзімі 18 маусым мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
    «Бұл өзгерістер құжат қабылдау процесін тиімді әрі сапалы ұйымдастыруға, сондай-ақ оқу процесіне кедергі келтірмеуге бағытталған. Құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе тікелей білім беру ұйымдарына қағаз түрінде тапсырылады»,-деді Ақмарал Бақытқызы.
    Айта кетейік, мектепалды даярлықтан өткен және сол білім беру ұйымында оқуды жалғастыруға ниет білдірген балалар 1-сыныпқа бірден қабылданады. Ал баланы басқа мектепке орналастыруды жоспарлаған ата-аналар құжаттарды жалпы белгіленген тәртіп бойынша тапсырады.
    1-сыныпқа қабылдау үшін ата-аналар немесе заңды өкілдер жазбаша өтініш береді. Сонымен қатар баланың туу туралы куәлігі, өтініш берушінің жеке куәлігі ұсынылады. Міндетті түрде медициналық құжаттар — №065/е нысанындағы «Иммундау паспорты» және №052-2/е нысанындағы «Бала денсаулығының паспорты» тапсырылады. Бұған қоса баланың 3×4 см көлеміндегі фотосуреті қажет. Медициналық анықтамалар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолданыстағы талаптарына сәйкес рәсімделеді.
    Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2025–2026 оқу жылында 34 977 бала 1-сыныпқа қабылданған. Алдын ала болжам бойынша, 2026–2027 оқу жылында Алматы облысында шамамен 35 мың баланы 1-сыныпқа қабылдау жоспарланып отыр. Қабылдау науқанының тұрақты және тиімді ұйымдастырылуы үшін тиісті шаралар қолға алынған.
    Жалпы, енгізілген өзгерістер ата-аналарға құжаттарды уақытылы әрі ыңғайлы тапсыруға мүмкіндік беріп, білім беру жүйесіндегі ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіруге бағытталған.

    Соңғы жаңалықтар

    Ынтымақтастық нығая түсті
    01.04.2026
    Әскердегі мемлекеттік тіл – бірліктің тірегі
    01.04.2026
    Қанат Есболатов Қонаевтағы нысандарды аралады
    01.04.2026
    Алматы облысында 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді
    01.04.2026
    Алматы облысында кене энцефалитіне қарсы 5000-нан астам адамға екпе салынды
    01.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>