⛅
22°C
Қонаев
Сенбі, Сәуір 4, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Аналар қуанышы ортаймасын!

    04.04.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Аналар қуанышы ортаймасын!
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қарасай аудандық аналар кеңесі ұйымы Астана қаласында өтетін «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының қоғамдағы ана мәртебесін арттыру, отбасы институтын нығайту, ұрпақ тәрбиесінде ананың атқаратын маңызды рөлін насихаттау мақсатында ұйымдастырған «Аяулы ана» және «Инабатты келін» республикалық байқауына өңірдегі аналарды қатыстыруға игі бастама көтеріп, ықпал жасаған болатын. Бұл бастаманы Қаскелең қалалық және ауылдық әкімдіктері де қызу қолдады. Осы мақсатта Қарасай ауданынан 3 ана Астана қаласына аттанған еді.

    Атап айтқанда, олар – О.Жандосов ауылынан көпбалалы ана, осындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әрі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Анара Өміржанова, Қаскелең қаласынан көпбалалы ана, Күміс және Алтын алқа иегері, зейнеткер-ұстаз Гүлсім Қыбыраева, Көкөзек ауылындағы орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі Аяулым Тұрғанзинова. Байқау қорытындысында қарасайлық аналардың бағы жанып, жұлдыздары жарқырады. Анара Өміржанова, Гүлсім Қыбыраева байқау жеңім­пазы атанып, бала тәрбиесіне қосқан айрықша еңбегі үшін «Аяулы ана» орденімен, I дәрежелі дипломмен және «Аяулы ана» статуэткасы­мен марапатталса, «Инабатты келін» байқауына қатысқан Аяулым Тұрғанзинова да сый-сияпатсыз қалмады. Ол І дәрежелі дипломмен және «Инабатты келін» төсбелгісін алып қайтты. Сөйтіп, Астана қаласынан аналарымыз абыройлары асқақтап, олжалы оралды. Олардың осы байқауға қатысуға демеушілік жасаған Қарасай аудандық аналар кеңесінің төрағасы Әзиза Найымбаева бастаған ұйым мүшелеріне және аудан, қала, ауыл әкімдіктеріне айтар алғыстары шексіз. Аудан аналарына мінсіз қызмет етіп жүрген аналар кеңесі ұйымының төрағасы Әзиза Найымбаева да «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының Алғыс хатымен марапатталды. Осылайша, Әзиза Ахметқызының да еңбегі еленіп, лайықты бағасын алды. «Жақсылықтың ерте-кеші жоқ» деген – осы. Аналар қуанышы ортаймасын деп тілейміз.

    Клара ШӘРІПХАНҚЫЗЫ,
    Қарасай аудандық аналар кеңесінің мүшесі

    Соңғы жаңалықтар

    Аналар қуанышы ортаймасын!
    04.04.2026
    Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ілгерілету және насихаттау жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті
    04.04.2026
    Казахстан, Кыргызстан, Туркменистан и Молдова названы самыми безопасными странами
    04.04.2026
    Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру
    04.04.2026
    Экожүйені реттейді
    04.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>