⛅
23°C
Қонаев
Сәрсенбі, Сәуір 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Әскердегі мемлекеттік тіл – бірліктің тірегі

    01.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Қорғаныс, Мемлекеттік тіл
    Әскердегі мемлекеттік тіл – бірліктің тірегі
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алатау қаласы Заречный ықшамауданында орналасқан 3660 әскери бөлімінде мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатқан, рухани мазмұны терең тағылымды кеш өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан “Мемлекеттік тіл – менің тілім” атты сайыс – тек өнер бәсекесі ғана емес, жүректерді жақындастырып, түрлі ұлт өкілдерін бір арнаға тоғыстырған бірлік пен татулықтың айқын көрінісіне айналған тағылымы мол рухани шара.

    Аталған байқауға оншақты өзге ұлт өкілдері қатысып, олардың қатарында орыс, украин, ұйғыр, өзбек, дұнған ұлттарының әскери қызметшілері болды. Олар қазақ тіліне деген құрметін жүрек қалауымен жеткізіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктетуге өз үлестерін қосты. Олар үшін мемлекеттік тіл – тек қарым-қатынас құралы емес, ортақ Отанға деген сүйіспеншіліктің символы екені айқын сезілді.

    Сайыс үш кезең бойынша өрбіді. Алғашқы кезеңде қатысушылар өзін қазақ тілінде таныстырып, тілге деген еркіндігі мен ішкі сенімін көрсетті. Әр сөзінен ықылас пен ілтипат аңғарылып, көрермен жүрегіне жол тапты. Екінші кезеңде өнер додасы қыза түсті: бірі әуелете ән салса,, енді бірі шағын сахналық қойылым арқылы өз болмысын танытты. Бұл сәтте сахна – олардың жүрек сырына айналды. Үшінші кезеңде мақал-мәтелдер сайысы өткізіліп, қатысушылардың ой ұшқырлығы мен тіл байлығы сынға түсті. Түйінді сөзбен ой айтуда олар шынайы шеберліктің үлгісін көрсетті.

    Тартысты дода қорытындысында І орынды украин ұлтының өкілі, кинология қызметінің маманы Исабеков Рустам Юрьевич жеңіп алды. Оның өнері мен тілге деген құрметі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. ІІ орынды ұйғыр ұлтының өкілі, батальон командирінің орынбасары, аға лейтенант Юсупов Ришат Нұрахметұлы иеленсе, ІІІ орын да ұйғыр ұлтының өкілі, жедел мақсаттағы батальонның бөлімше командирі, ефрейтор Кибиров Исламжан Ликимовичке бұйырды. Бұл нәтижелер – түрлі ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген құрметі мен ықыласының айқын дәлелі.

    Әділ төрелігін жасаған қазылар алқасының құрамында Алатау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Шайкенова Бибігүл Кенжеханқызы, Алатау қалалық «Тіл» оқу-әдістемелік филиалының басшысы Қасым Таншолпан Қасымқызы, Қонаев қалалық кітапханасының басшысы Актанова Айгүл Бегімбайқызы және осы әскери бөлімннен сержанты Кочергин Антон мен ефрейтор Сүйеген Ақерке де әділ бағасын беріп, сайыстың әділ өтуіне өз үлестерін қосты.

    Кештің шырайын ашқан тағы бір ерекше сәт – Алматы облысының Сүйінбай атындағы филармониясының өнерпаздарының өнер көрсетуі болды. Әсем әуен мен сырлы ән көрермен жанын тербеп, кештің рухани мазмұнын тереңдете түсті.

    Бұл іс-шара – мемлекеттік тілдің мерейін үстем етіп қана қоймай, ел ішіндегі ынтымақ пен татулықтың алтын көпіріне айналды. Әрбір қатысушының жүрегінен шыққан қазақ сөзі – Отанға деген құрметтің, елге деген адалдықтың айқын белгісі болды. Осындай игі бастамалар арқылы мемлекеттік тілдің ғұмыры ұзарып, мерейі асқақтай беретіні сөзсіз.

    Әбдіғалиева Әлия Тәңірбергенқызы

    Соңғы жаңалықтар

    Қазақ тіліндегі корей оқулығы
    01.04.2026
    Мемлекеттік қызметкерлерге арналған маңызды семинар өтті
    01.04.2026
    Сапаға салғырт қарамау қажет
    01.04.2026
    Композитор рухына тағзым
    01.04.2026
    Кеспе шығаратын кәсіпорын
    01.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>