☀️
12°C
Қонаев
Жексенбі, Сәуір 12, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home БАҚ

    Әуе толқынында – 60 жыл!

    12.04.2026
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мерейтой, Руханият
    Әуе толқынында – 60 жыл!
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Шалқар» радиосының 60 жылдығына арналған салтанатты шара және «Ұлттың үнбайрағы» атты кітаптың таныстырылымы өтті. Салтанатты жиынға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, аталмыш радионың негізін қалаған ардагерлер мен қызметкерлер және БАҚ өкілдері қатысты.

    «Шалқар» радиосының 60 жылдығына арналған салтанатты жиында Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық ықыласын жеткізіп, «Шалқар» радиосының негізін қалап, ұлттық сана мен тіліміздің өз биігінде қалуына елеулі үлес қосқан ардагерлерге Президенттің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыс етті. Жиын барысында Руслана Құдайбергенова, Құсман Игісінов, Намазалы Омашев, Әшірхан Телғозиев, Нұржан Мұхамеджанова, Ғалия Балтабай, Алтын Иманбаева сынды радио ардагерлері сөз сөйлеп, қиын-қыстау кезеңде радио жұмысын жолға қойып, қиыннан жол тауып еңбек еткендері жайлы қызықты естеліктерін айтып берді.

    Сонымен қатар, «Шалқар» радиосының 60 жылдық мерейтойына орай, қазақтың тұңғыш радиодикторы, Қазақ радиосының ардагері, КСРО-ның Құрметті радисі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мина Сейітова атындағы дикторлар байқауының жарияланғаны хабарланды.

    «Шалқар» радиосының қалыптасу кезеңіне көз жіберер болсақ, бағдарламаның бастауында Мифтах Жантикин, Едіге Әбдіғапаров, Таңатқан Рсаев, Бек Дәулетбаев, Уақап Қыдырханұлы, Зәмзам-Шариф Тарғақов, Мансұр Сағатов, Кенжебек Есімов, Мадрид Рысбеков, Сәркен Оспанов, Дулат Исабеков, Досан Жанботаев, Жеңіс Қашқынов, Нұрсұлтан Әлімқұлов, Кеңесжан Шалқаров, Руслана Құдайбергенова сияқты ардагер аға-апаларымыз тұрды. Сонымен қатар, ұлттық арна алғаш рет Қазақ радиосының «Соңғы хабарлар» редакциясының аясында құрылғанын айта кету керек. 1966 жылы қаңтардың 1-інде сағат 19:00-де дауылпаз диктор Әнуарбек Байжанбаев ақпаратты-сазды «Шалқар» бағдарламасының дүниеге келгенін хабарлаған болатын. Жеке радиотолқында эфирге шыққан «Шалқар» ақпаратты-сазды радиостанциясы бастапқы кезде тәулігіне 2 сағат хабар таратты. Жылдар өте келе эфир уақыты 6 сағат, 10 сағат, 12 сағат, кейіннен тәулік бойы эфирге шықты. Қазіргі кезде «Шалқар» радиосы тәулігіне 18 сағат хабар таратады.

    «Шалқар» бағдарламасы алғаш құрылған күннен бастап-ақ ұлттық өнер мен әдебиетті, халықтық мұраны, дәстүрлі құндылықтарды насихаттауды басты мұрат тұтты.

    «Шалқарда» әр жылдары «Шалқар шаңырағы», «Саз сарайына саяхат», «Баспа базарлығы», «Армысың, ағайын!», «Ауыл және адамдар», «Мирас», «Қасиетті қағидалар», «Mұрагер», «Шаңырақ шаттығы», «Замандас жайлы сыр» қатарлы хабарлар шықса, қазіргі кезде «Атадан қалған асыл сөз», «Күй-шежіре», «Наридірген», «Інжу-маржан», «Тоғыз тарау», «Дарабоз», «Бүгінгі сөз», «Шалқар таңы», «Сөз киесі», «Темірқазық», «Жәдігер», «Ғылым кілті», «Жылқы жыры», «Нысана», «Жақсының жары» сияқты хабарлар әуе толқынынан беріліп келеді.

    Қазіргі кезде «Шалқар» хабарлары ел тұрғындарының 73%-ын қамтиды. «Шалқар» 1999 жылы уақытша жабылғанға дейін «Шалқар» бағдарламасы атанып келсе, 2002 жылы қайта ашылғаннан кейін (2 жыл 11 айлық уақытша үзілістен соң) «Шалқар» ұлттық арнасы деген атау қалыптаса бастады. Ал 2014 жылғы 10 ақпаннан бастап арна «Шалқар» радиосы атанды.

    Ұлттық арна атына сай 2020 жылдың 1 қыркүйегінде басталған жаңа маусымынан тек қана қазақтың дәстүрлі музыкасын, ұлттық мәдениеті мен әдебиетін, бабалар мұрасы – қазақтың әні мен күйін, ретро музыкасын, өткенімізден сыр шертетін «Алтын қордағы» асыл қазыналарын насихаттауға бет бұрды.

    Бүгінде «Шалқар» радиосы, Қазақ радиосы мен «Classic» радиосы «Қазақ радиолары» ЖШС құрамында хабар таратады.

    Қуат Қайранбаев

    Соңғы жаңалықтар

    Әуе толқынында – 60 жыл!
    12.04.2026
    Бүгін – Қазақстанда ғылым қызметкерлері күні әрі Қаныш Сәтбаевтың туған күні
    12.04.2026
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды
    11.04.2026
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
    11.04.2026
    Әскери өмірдің алғашқы парағы
    11.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>