⛅
24°C
Қонаев
Сәрсенбі, Сәуір 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Бейжіңде өткен Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының салтанатты ашылуына мыңға жуық адам қатысты

    01.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Үкімет
    Бейжіңде өткен Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының салтанатты ашылуына мыңға жуық адам қатысты
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Бейжің қаласында Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының ашылуына арналған салтанатты Гала-концерт өтті. Тағылымды кеш екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністіктің нығая түскенін білдіретін маңызды мәдени оқиғаға айналды.

    Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин арасындағы уағдаластықтар аясында ұйымдастырылды. Осы келісімге сәйкес, 2026 жыл Қазақстан мен Қытайдың Мәдениет жылы болып жарияланған еді.

    Салтанатты кештің құрметті қонақтары қатарында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қытай Халық Республикасының Мәдениет және туризм министрі Сунь Ели, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері мен Қытайдың шығармашылық зиялы қауым өкілдері болды.

    Қытай ұлттық опера театрының сахнасында құттықтау сөз сөйлеген Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени ынтымақтастықтың жаңа мазмұнмен толыға түскенін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде бірлескен жобалар табысты жүзеге асырылып, гастрольдер, концерттер, көрмелер мен фестивальдер тұрақты түрде өткізіліп келеді. Сонымен қатар, Бейжіңде Қазақстанның мәдени орталығының ашылуы екі ел арасындағы байланысты нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Министр мұндай бастамалардың болашаққа берік негіз қалайтынын және жас ұрпақты жаңа жетістіктерге жігерлендіретінін ерекше атап өтті.

    «Бүгінгі кеш – жай ғана концерт емес, аударманы қажет етпейтін мәдениеттер диалогы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, мәдениет – ұлттың бет-бейнесін айқындайды, ал әлем елді ең алдымен оның өнері арқылы таниды. Осындай кездесулер, музыка, театр және шығармашылық арқылы біз бір-бірімізді тереңірек түсініп, жақындай түсеміз. Мәдениеттердің тоғыспалы жылы бізге жаңа мүмкіндіктер ашады. Бірлескен жобаларға жол ашып, шығармашылық ізденістерді жандандырып, өзара рухани байытуға серпін береді», – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

    Өз кезегінде Қытайдың Мәдениет және туризм министрі Мәдениет жылының гуманитарлық байланыстарды тереңдетіп, екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы маңызды алаң екенін айтты.

    «Қытай мен Қазақстан мәдениетінің тоғыспалы жылы аясында екі елдің музейлері мен ғылыми-зерттеу құрылымдары бірлесіп археологиялық зерттеулер жүргізуге, өнер қайраткерлері Қытай–Қазақстан музыканттарының дөңгелек үстелі сияқты алаңдарда терең диалог орнатуға мүмкіндік алады. Сахналық өнер мен креативті индустрия салаларында бірлескен кадр даярлау жұмыстары да күшейтіледі. «Қытай мен Қазақстан мәдениетінің тоғыспалы жылы» мәдениет және өнер ұйымдары арасындағы практикалық ынтымақтастықтың маңызды платформасына, сондай-ақ екі елдің мәдени байлығын танытатын жарқын алаңға айналарына сенімдіміз», – деді Сунь Ели.

    Гала-концертке Қазақстан мен Қытайдың белгілі өнер шеберлері қатысты. Кештің айрықша рухын еліміздің жетекші шығармашылық ұжымдары – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі, «Астана Опера» театры, HasSak этно-фольклорлық тобы, «Астана Балет» театры, Бейжің хореография институты және Қытай опера және балет театрының ұлттық оркестрі айшықтай түсті.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Соңғы жаңалықтар

    Ынтымақтастық нығая түсті
    01.04.2026
    Әскердегі мемлекеттік тіл – бірліктің тірегі
    01.04.2026
    Қанат Есболатов Қонаевтағы нысандарды аралады
    01.04.2026
    Алматы облысында 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді
    01.04.2026
    Алматы облысында кене энцефалитіне қарсы 5000-нан астам адамға екпе салынды
    01.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>